“Италиядан келген аспаз“. 40 жасқа толған Ерке Есмахан отбасылық отырыстан суреттер жариялады

Бүгін танымал әнші Ерке Есмахан 40 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерке Есмахан instagram-парақшасында туған күніне арнап жазба жариялады.

"Мен дәл қазіргі өмірімді бұрын армандадым, елестеттім, сол үшін еңбек еттім. Ал қазір қарап тұрсам, Алла менің сұрағанымның бәрін үйіп-төгіп, молынан беріпті. Сансыз шүкір", - деп жазды әнші.

Әншіні жолдасы Райм да құттықтады.

"Жарығым, жалғызым, жүрегім. Туған күніңмен! Екі дүниеде бірге болуымызды тілеймін", - деп жазды Райм.

Жұлдызды жұп туған күн алдында мейрамханаға кешкі ас ішуге барған.

 Әнші оларға Италиядан келген аспаз тамақ дайындап бергенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан отбасындағы туған күн, атаулы күндерді атап өтпей, жазда бәрін бірге тойламақ екенін жазған болатын.

"Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйырса жазда өтеді. Жылдың ең үздік тойы болады", - деп жазды ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз