Ерлер мен әйелдер не үшін көзге шөп салады? Сексолог себебін атады

Ерлер мен әйелдер әртүрлі себептермен серігінің көзіне шөп салады. Бұл жайлы Tengri Life-ке клиникалық сексолог Маржан Жеңісова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, ер адам мен әйелдің көзге шөп салуында айырмашылықтар бар.

"Ер адамдарда көзге шөп салу жиі жаңа нәрсені көргісі келумен, адреналинмен және жыныстық өмірді түрлендірумен байланысты. Әдетте мұндай опасыздық терең эмоционалды сезімсіз, жай ғана физиологиялық аспект ретінде болады", - дейді Маржан Жеңісова. 

Алайда сексолог "ерлер полигамды" болады деген пікірді жоққа шығарды. Оның айтуынша, ер адам таңдау жасай алады және соны сақтай алады. 

Әйелдер, керісінше, әдетте эмоционалды қанағаттанбағандықтан, серігінің көзіне шөп салады.

"Егер әйел өзін сүйікті әрі қызықты сезінбесе, оған серігінің жылулығы мен назары жетпесе, ол эмоционалды байланысты сырттан іздеуі мүмкін. Ер адамның тарапынан қолдаудың және қауіпсіздік сезімінің болмауы да рөл ойнайды", - дейді маман.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!