Атырауда зорлық-зомбылықтан жүкті болған 15 жастағы қыз әділдік іздеп жүр

Атырауда зорлық-зомбылықтан жүкті болған 15 жастағы қыз әділдік іздеп жүр
Фото: pixabay.com

Атырауда 15 жастағы қызды зорлаған жігіт жазадан жалтарып кетті. Себебі күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтаған. Өйткені қос тараптың ата-аналары өзара татуласып, құда-жекжат болуға келіскен. Бірақ тойдан кейін енесі мен күйеуі қызға қол көтеріп, ақыр соңында үйіне қайта апарып тастаған.

Кәмелет жасына толмаған қыз құзырлы органдардан көмек сұрап отыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің жасым 15-те, зорлық әрекетінен кейін жүкті болып қалдым. Мені зорлаған жігіттің үстінен анам арыз жазды, бірақ олар "оқытып-тоқытамыз, ешқандай қиыншылық көрмейді. Ұлымыз жақсы көріп тұр" деп алдымыздан өтті. Қазақы жолмен біз қызды алайық деп, сол жақтың үлкен әжесі келді. Сонымен екі жақ келісімге келіп, 15 мамыр күні ұзатылып бардым. Қазір ішімде 4 айлық балам бар, күйеуімнің есімі Маратов Мақсат Бағытжанұлы. Мені оқытамыз деп еді, оқытпақ түгілі, дәрігердің қарауына әрең дегенде тіркеді", – деді ол.

Қыздың кәмелет жасына толмағанын көрген дәрігерлер полицияға жүгінетіндерін айтып, жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғамақшы болған. Бірақ жағдайды полицияға жеткізбей, араға адам салып, өзара шешкен.

"Енем зыр жүгіріп, тергеушілерге ақша ұсынып, ІІМ-ге жалған "УЗИ" қағазын тапсырып, аман алып қалды баласын. Баласының үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Енді мені алдап, үйіме әкеп тастап отыр. Жүктілігіме қарамастан, неше түрлі ауыз сөздер айтып, енем де, күйеуім де ұрды. Қазіргі таңда баламның өміріне қауіп төніп тұр. Анам осы жайтты естіп, ауруханаға түсті. Атырау полиция департаменті арызды қайта қараса екен дейді", – оқушы.

Аталған жағдайға қатысты редакция Атырау облысы полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Жауаптар қосымша жарияланады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абдулла (@abdulla_kz_kz)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет