Атырауда 15 жастағы қыз зорланғанын айтты: полиция пікір білдірді

Атырауда 15 жастағы қыз зорланғанын айтып, құзырлы органдардан көмек сұрады. Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыздың айтуынша, жігіт жазадан жалтарып кеткен, себебі күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтаған. Ол қос тараптың ата-аналары өзара татуласып, құда-жекжат болуға келіскенін айтты. Бірақ тойдан кейін енесі мен күйеуі қызға қол көтеріп, ақыр соңында үйіне қайта апарып тастаған.

Облыстық  полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, алғашқы тергеу барысында қылмыс құрамын толыққанды тергеу үшін жәбірленуші тарап тиісті сот-медициналық, психиатриялық сараптамадан өтуден бас тартып, кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуде кедергілер келтірген. Әлеуметтік желіде таралған мәліметтер бойынша тергеу жаңғыртылып, тексерілетінін қаперіңізге саламыз," – делінген жауапта. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!