Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?

Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
Фото: depositphotos.com

Эндокринолог Мария Калошина артық салмақ қоспауға көмектесетін тамақтану әдеттерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі News.ru-ге сілтеме жасап.

"Кешкі асты ұйықтауға екі-үш сағат қалғанда және кешкі аста сүзбе, теңіз балығын, ақ ет және көкөністер жеу керек. Гарнир ретінде жармалар мен макарон жеуге болады. Майды мөлшермен қосқан жөн. Тамақты пешке пісірген, суға қайнатқан немесе буға пісірген дұрыс", - деді дәрігер.

Оның айтуынша, кешкі асты отбасымен бірге жағымды әңгімелер айтып және тамақты мұқият шайнап жеу пайдалы. Бұл асқорыту процесін тездетеді.

Маман тамақ ішіп отырып, теледидар немесе ұялы телефон қарауға болмайтынын айтты.

"Ми сізге тойғаныңыз жайлы белгі береді. Егер бірдеңе қарап отыратын болсаңыз, бұл белгіні байқамайсыз, сондықтан артық тамақтанып қоясыз. Тамақтың порциясын таңдаған кезде қол ережесін негізге алыңыз: жұдырық - көмірсулар, саусақсыз алақан - ақуыз, екі алақан - көкөніс, ал бас бармақ - ол тамақ құрамындағы май", - дейді Калошина.

Егер асқазан-ішек жолының созылмалы аурулары болмаса, тамаққа дәмдеуіштер қосу тамақтың дәмін жақсартады және тамақты аз жеуге ықпал етеді. Оған қоса, дәмдеуіштер асқорыту процесін жақсартады және иммунитетті арттырады.

Дұрыс тамақтану: Кеңсе қызметкерлеріне 7 кеңес

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова