Әлемге танылған бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықты бүркітші қыздың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары жақсы жаңалыққа ізгі тілегін жарыса жазған:
"Барған жеріңде бағың жансын!", "Бақытты бол", "Бақытты отбасы болыңдар, батыр қыз", "Барған жерде бағың жансын, қалқатай".
Сондай-ақ, бүркітші қыз желідегі парақшасында тойдан кадрлар жариялаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүркітші қыз туралы не белгілі?
Айта кетейік, бұған дейін Massaget.kz бүркітші қызбен сұхбаттасып, бұл жолды таңдауына не себеп болғанын сұрады.
Айшолпан Моңғолия мемлекетінде дүние келсе де, қазақтың төл дәстүрін, ұлттық өнері мен ойындарын сақтап қалған әулетте тәрбиеленген. Ол бұған дейін құсбегілікке келуі тегін емес екенін, қаннан дарыған өнер, текпен жалғасқан қасиет екенін айтқан еді.
Ал оның 18 метр қиядан түсіп, балапан алған өжеттігін дүние жүзіне алғаш танытқан - израильдік фотограф Ашер Свиденский.
"Израильдің фотографы Моңғолиядағы бүркітшілер сайысына келген. Көбіне ер адамдар ғой. "Неге тек ер адамдар, әйел адамдар, қыз балалар жоқ па?" деп зерттегенде, біреу "Алтынсөксе деген ауыл бар, сол ауылда Нұрғайып деген кісі бар, соның қызы бүркіт ұстайды" деген. Содан фотограф келді. Қарапайым өмірде бүркіт ұстап, суретке түстім. Әлемге танылып кетемін деген ой болмады. Бір айдан кейін "Бүркітші қыз Айшолпан" деп интернет желісіне жариялады. "Осы қызды киноға түсіргісі келетін адамдар болса хабарласыңыздар" деді. Сол кезде америкалық Отто Белл есімді режиссер хабарласқан", - деді Айшолпан бұған дейін бізге берген сұхбатында.
Осылайша түсірілім жұмыстары басталған. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде көрсетілді. 2015 жылы "Оскар" сыйлығына да ұсынылған болатын. 2018 жылы Нью-Йорк қаласында Asia Game Changer сыйлығын иеленді.
жеке архивтен
Ал кинодан кейін Айшолпан туралы кітап та жазылыпты. Америкалық жазушы Лиуза Уэлштің кітабы The Eagle Huntress деп аталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова