Еурокодтарға ауыртпалықсыз өту

Еурокодтарға ауыртпалықсыз өту
Фото: palata.kz

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында салалық өкілетті органның атқарған жұмысындағы кей мәліметтер ғана жарияланып келеді. Бұл кәсіпкерліктегі мүдделі субъектілердің ақпарат алуының төмендігін көрсетеді.

«Атамекеннің» міндеті – құрылыс саласындағы нормативтік база жүйесін реформалауда қабылданған бағытты көпшілікке таныстыру.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Үкіметінің енгізіп отырған Еурокодтарды енгізуге кәсіпкерлік субъектілерінің кең ауқымын тарту жұмысын жалғастырып отырғаны жайында құлағдар етті.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау жөніндегі қабылданған Тұжырымдамаға ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда №1509 бекітілген қаулысы және «Бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» Ұлт жоспарының 49-қадамына сәйкес ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орнына Еурокодтар жүйесін енгізу жұмысын жүргізу үстінде. Қазақстан Республикасында 2017-2021 жылдары құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді (ары қарай – Жоспар).

2016 жылы 24 қарашада Елбасының қатысумен өткен жиында 2020 жылдан бастап Еурокодтарға өтетіндіктен құрылыс нормалары мен ережелерін алып тастауды жеделдету тапсырмасы берілген еді. Аталған Жоспарға сәйкес осы жылдың соңына дейін жалпы құрылыс мәселелері бойынша 1992 жылға дейін жасалған кеңестік ҚНмЕ – 186 бірлік алынып тасталады.

Бұл Жоспардың басым бағыттарының бірі – жобалық және құрылыс мекемелерінің инженерлік-техникалық жұмысшыларын, сарапшыларды, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, МСҚБ-ның СП РК ЕN бойынша құрылыс нысандарын жобалау және құрылысын жүргізу жөніндегі инспекторларды оқыту, дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру, СП РК ЕN қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«Еурокодтарға ауыртпалықсыз өтуді қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесте құрылыс жүргізушілерге, мердігерлік мекемелерге ғана емес, құрылыс индустриясындағы кәсіпорындарға қағидаларын, тәуекелді, талаптарын кеңінен түсіндіру, құрылыс қарқынын азайтуға жол бермеу мақсатында «Атамекен» ҰКП еліміздің 16 өңірін назарға ала отырып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне нысандарды еуропалық нормаларға (Еурокодтар) сай жобалаудың негізгі ережелерін игеру үшін құрылыс саласындағы мамандарды дайындау мен қайта дайындау процесін ұйымдастыруда көмектесуге дайын екенін білдірді. Ұсыныстарды Құрылыс департаментіне жолдауға болады», – деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс департаментінің директоры Аспена Досмағанова.

Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бұл бастаманы қолдады.

«Біз осы бағыттағы іс-шаралар жоспарын бірлесіп дайындап, бекіту, арнайы телефон желісін құрып, кеңес беретін кабинеттер ашу туралы ұсынысымызды білдірдік, себебі Еурокодтарға көшетін мерзімге небәрі 2 жыл қалды. Қазіргі таңда ҚР ИДМ және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бірлесіп аталған Жоспардың мазмұнын әзірлену үстінде», – деді Аспена Досмағанова.

«Атамекен» өкілетті орган тарапы бизнес қоғамдастыққа Еурокодтарды қолдана отырып әзірлеген алты жобалық-сметалық құжаттаманы таныстыру керек, артықшылықтарын немесе олқылықтарын, оның ішінде қаржылық мәселені де салыстырмалы түрдегі талдауда көрсетуі қажет деп есептейді.

Бүгінде Еурокодтар негізінде 6 нысанның жобасы дайындалды:

- 2 қабатты қонақүй ғимараты (Алматы қ, «Қазақстан Девелоперлік Компаниясы» ЖШС;

- 4 қабатты балабақша ғимараты (Алматы қ, «Falcon Petroleum» ЖШС);

- 30 қабатты және 24 қабатты «Safia Tower Premium» ғимараты (Шымкент қ.);

- «Көк-Жайлау» тау шаңғысы курортының құрамындағы аспалы жол, ғимарат пен инфрақұрылым құрылысы (Алматы қ.);

- Ислам орталығы (Текелі қ.);

- «Керуен – 2» көпфункционалды кешені (Астана қ.).

Ұлттық палата бұл жұмысқа базалық білім беру, қосымша арнайы білім беру курстарының шеңберінде маман дайындау бағдарламасын әзірлеу мақсатында ҚР білім және ғылыми министрлігін қатыстырған жөн деп санайды.

«Инвестициялар және даму министрлігімен бірге іс-шаралар жоспарының жобасын дайындағаннан кейінҰлттық палата алаңында мүдделі тараптардың қатысуымен жиын өткізуді ойластырып отырмыз», – деп тұжырымдады Аспена Досмағанова.

Анықтама үшін:

Бүгінде қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттармен қатар келесі құжаттар дайындалды әрі қолданылып келеді:

· EN 1990 Еурокод: Құрылыс жобалауының негіздері –1 бөлім

· EN 1991 Еурокод 1: Құрылымға әсер ету – 10 бөлім

· EN 1992 Еурокод 2: Темір-бетонды құрылымды жобалау – 4 бөлім

· EN 1993 Еурокод 3: Болат құрылымды жобалау – 20 бөлім

· EN 1994 Еурокод 4: Болат-темір-бетонды құрылымды жобалау – 3 бөлім

· EN 1995 Еурокод 5: Ағаш құрылымды жобалау – 3 бөлім

· EN 1996 Еурокод 6: Тас құрылым бөліктерін жобалау– 4 бөлім

· EN1997 Еурокод 7: Геотехникалық жобалау– 2 бөлім

· EN 1998 Еурокод 8: Сейсмикалық берік құрылымды жобалау – 6 бөлім

· EN 1999 Еурокод 9: Аллюминий құрылымды жобалау – 5 бөлім.

Барлығы: 10 Еурокод, 58 бөлім ижәне 57 қосымша.

Барлық ұсыныс пен сауалды «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс департаментінің директоры Аспена Досмағановаға жолдауға болады: 8 (7182) 91-93-61 (ішкі 1909).

Ж. Өрісбай