Қазақстан валюта нарығында кімдер сауда жасайды?

Қазақстан валюта нарығында кімдер сауда жасайды?
Фото: tengrinews.kz

Kаzakhstan Stock Exchange (KASE) - Қазақстандағы компаниялардың акциялары мен облигациялары саудаланатын еліміздегі негізгі қор биржа. KASE 1993 жылы валюта нарығының платформасы негізінде құрылған. Ал құнды қағаздармен 2012 жылдың 19 шілдесінен айналыса бастаған.

Қазақстанның қор биржасының коммерциялық мақсатта жұмыс істейтін акционерлік қоғам болғандықтан оның бірқатар акционерлері бар. Мысалы, KASE-нің бақылаушы пакетін ҚР Ұлттық банкі иемденген. Ұлттық Банк коммерциялық емес мақсатта құрылған, еліміздің қаржы нарығын реттеп отыратын мекеме болса да, Қазақстан қор биржасының 50,1 пайыз акциясына иелік етеді. Одан бөлек, акционерлер қатарында "Centrica", "Казкоммерцбанк", "Банк ЦентрКредит", "Kaspi Bank" және "Halyk Finance" сынды 52 қаржы институттары мен брокерлік кеңселері бар.

Валюта нарығы

Қазақстан қор биржасының негізгі мақсаты отандық компаниялардың құнды қағаздарын ортақ нарыққа саудаға шығару болғанымен, оның негізгі қаржы операциялары тек валюта нарығының функцияларымен шектеледі. Нақтырақ айтар болсақ, биржадағы капитал айналымының 98 пайызы тек шетелдік валютаны сатып алу немесе сатумен шектеледі. Себебі әзірге қазақстандық компаниялардың акцияларына қызығушылық танытатын инвесторлар қатары көбейген жоқ.

"KASE платформасында тек біздің қор биржада ресми тіркелген брокерлік компаниялар ғана сауда жасай алады. Өкінішке орай, бізде акциялар мен облигациялар сұранысқа ие емес. Десе де, экспортқа немесе шетелдік активтерге инвестиция жасау үшін қажет болатын шетелдік валютаның саудасы қор биржасында өтеді", - дейді Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Цалюк мырзаның айтуынша, KASE нарығында ең көп сұранысқа ие валюталар қатарында еуро мен АҚШ доллары тұр. Аталған валюталар Еуропа мен АҚШ нарығындағы активтерге қызығушылықтың көп болуы мен олардың халықаралық нарықтағы абыройына байланысты екенін айтады. Расында экспортпен айналысатын компанияға АҚШ доллары ауадай қажет. Ал Еуропалық банктер мен инвестициялы компанияларға салым жасау үшін капиталды еуромен жіберу керек.

Ж. Өрісбай