Пропаганда әсерінен қалай сақтануға болады?

Пропаганда әсерінен қалай сақтануға болады?

Көп адамдар ақпаратты әлеуметтік желілерден, Telegram каналдарынан, ал егде жастағы адамдар тек телеарналардан алады. Интернет насихат хабарламалар мен ақпараттарға толы. Сіз оларды қалай ажырата аласыз?

Журналист Владимир Яковлев үгіт-насихат түрлері мен әдістерін, олардың не үшін қолданылатынын, одан арылу, оның салдарынан туындаған араздық пен өшпенділікке ортақ болмау үшін не істеу керек екенін айтып берді.

 Күнделікті әсер ететін үгіт-насихаттың тек үш түрі бар: ақ, сұр және қара:

• Ақ насихат – саяси мақсаттарға жету үшін фактілерді бұрмаламайды;

• Сұр насихат - ақпаратты бұрмалайды, бірақ аз дәрежеде;

• Қара насихат – үгіт-насихат тапсырмаларын орындау үшін шындықты кез келген жолмен бұрмалауға дайын.

 

Үгіт-насихатта қаншалықты көп өтірік қолданылса, арсыздықпен жасалған болса, оның аудиторияға әсері соғұрлым күшті болады. Қара үгіт-насихат өз алдына үгіт-насихаттың ең күштісі болып табылады, өйткені ол фактілерге сүйену қажеттілігінен мүлдем ада.

Қара үгіт – өте тиімді қару. Ол бір ғана мақсатта – қарсыласты алаңдату және шатастыру үшін қолданылады. Оны қолданудың "сасық майшабақ", "ұлы өтірік", "абсолютті анық", "белгісіз қаһарман" дейтін әдістері бар. Бұдан бөлек Геббельс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданған "40-тан 60-қа дейінгі принцип"  дейтін насихаттың әдісі кейбіреулерге таныс болса керек. Бірақ мұны бәрі бірдей түсіне бермейді.

Арнайы үгіт-насихатта әсер етудің ондаған тиімді әдістері бар және сіз күн сайын олардың ықпалында боласыз. Бірақ олардың төртеуі өте кең таралған. Өзіңізді қажетсіз ақпараттан қорғау үшін сіз оларды жақыннан білуіңіз керек. Бүгін біз олар туралы айтатын боламыз.

Алдымен "сасық майшабақ" әдісін қарастырайық.

Илья Репин – "Арест пропагандиста" картинасы

1. "Сасық майшабақ" әдісі

Мүлдем жалған айыптау таңдалады. Айыптау мүмкіндігінше жиіркенішті және даулы болуы керек. Мысалы, кәмелетке толмаған баланы ұрлық жасады, немесе сәбилерге азғындық жасады, әйтпесе, ашкөздікпен біреуді өлтірді деп айыптау да тиімді.

"Сасық майшабақтың" мақсаты тағылған айыпты дәлелдеу емес. Мақсат – шараның қоғам арасында кеңінен талқылануын қамтамасыз ету.

Адамның психикасы айыптау жария болған кезде стихиялы түрде істің "қолдаушылары" мен "қарсылары", "істің мамандары" мен "сарапшылары", сондай-ақ "айыптаушылары" мен "қорғаушылары" болатындай етіп жасалған.

Алайда, пікірталасқа қатысушылардың барлығы жиіркенішті және даулы айыптауда айыпталушының аты-жөнін қайта-қайта атайды. Осылайша, "сасық майшабақ" оның "киіміне көбірек үйкеледі", ал бұл айыптың иісі қай жерге барса да кетпей, ізінен ілесіп жүреді.

"Сасық майшабақ" әдісін қолданудың классикалық стилінің бірі – адамды фашистік немесе нацистік идеологияны ұстанды деп айыптау.

"Бұл кісі нацист емес пе?" Болды! Әрі қарай пікірталас фактісінің өзі айыпталушының беделін түсіретіні сонша, үгіт-насихат тапсырмасы "сасық майшабақ" әдісі арқылы сәтті орындалды деп болжауға болады.

2. "Ұлы өтірік" әдісі

"Ұлы өтірік" әдісі "сасық майшабақ" стиліне біршама ұқсас болғанымен, басқаша жұмыс істейді. Оның мәні мынада: аудиторияға бір жаһандық және жосықсыз өтірік толық сенімділікпен ұсынылуы керек, адамдар мұндай нәрсе туралы өтірік айту мүмкін емес екеніне сенуі керек.

Мұндағы "қулық" – мүлде жалған ақпаратпен көрерменді, оқырманды немесе тыңдаушыны күйзеліске ұшырату, содан кейін қандай да бір дәлелге қарамастан, оның көзқарасын ұзақ уақыт айқындайтын күшті қорқыныштың қалыптасуына қол жеткізу.

Бұл стильді қолданудың классикалық тәсілі – жау жағының әртүрлі қорқынышты қауіптерін немесе зұлым ниеттерін сипаттау. Бұл әдісті қолданудың жарқын мысалы ретінде Ирак жаппай қырып-жою қаруын жасап жатыр деп айыптау болып табылады. Бұл АҚШ-тың Иракты басып алуына сылтау болды.

"Ұлы өтірік" әдісі өте тиімді. Дегенмен, ұзақ мерзімді перспективада "абсолютті анық" әдісі сенімдірек нәтиже береді.

3. "Абсолютті анық" әдісі

Оның мәні бір нәрсені дәлелдеудің орнына, сіз аудиторияны сендіргіңіз келетін нәрсе туралы жүйелі ақпаратты мүлдем түсінікті, анық, өзін-өзі түсіндіретін нәрсе ретінде жеткізесіз. Сондықтан сіз оны халықтың көп бөлігі қолдайтындай етіп көрсетесіз.

Бұл стиль өте қарапайым сыртқы түрімен өте тиімді. Өйткені адам психикасы автоматты түрде көпшіліктің пікіріне қызығушылық танытып, оған қосылуға бейім. Көпшілік міндетті түрде сіз жағында болуы керек және қолдау абсолютті және біржақты болуы керек екенін есте сақтаңыз. Әйтпесе біріктіру әсеріне қол жеткізе алмайсыз.

"Абсолютті анық" әдісі – бұл классикалық және өте кең тараған қолдану әдісі, мысалы, сол немесе басқа мәселе бойынша қоғамдық пікірдің бірігіп келе жатқанын көрсететін әртүрлі социологиялық сауалнамалардың нәтижелерін жариялау.

Қара үгіт-насихат әдістері, әрине, оқиғаның шындыққа сәйкес келуін талап етпейді.

4. "Белгісіз қаһарман" әдісі

Осы стильді жиі қолданатынымыз сонша, тіпті оны байқамаймыз. Дегенмен, "белгісіз қаһарман" стилі арнайы үгіт-насихаттың ең көне, бірақ тиімді әдістерінің бірі болып саналады.

Оның аты айтып тұрғандай, бұл стильдің мәні өз әскерлерінен жалған қаһарман жасау.

Сырт келбеті қаншалықты қарапайым болса да, бұл стильдің терең психологиялық тамыры бар. Яғни кез келген соғыс қатыгез, жан түршігерлік, адамгершіліктен алыс, мағынасыз. Сондықтан соғыс әрқашан өз алдына адам психикасының күшті қарсылығын тудырады. Бұл қарсылық адамның өзінің және жақындарының өміріне деген қорқынышпен күшейеді.

Бұл күшті қарсылыққа адам психикасының бір ғана бөлігі қарсы тұра алады.

Сондықтан басқыншылар әскері болмайдыазат етушілер әскері болады. Оны басып алу армиясы деп атамайды – ол тек құтқару армиясы деп атайды. Адамның соғыс идеясына қарсылығын жеңудің бірден-бір жолы – оның бойында жоғары адамгершілік құндылықтардың елесін тудыру: әділдік үшін, азап шеккен өз халқы үшін күресу. Бұл орын алып жатқан адамгершілікке жатпайтын, қатыгез оқиғаларды ақтауға қызмет етеді.

"Белгісіз қаһарман" стилі таңғажайып және ерекше сипатқа ие. Оны әртүрлі мемлекеттер әртүрлі соғыстарда және жүздеген жылдар бойы қайта-қайта қолданды. Соған қарамастан оның ықпалы ешқашан төмендеген емес. Бүгінде бұл әдіс ондаған жылдар бұрынғыдай тиімділікпен қолданылады.

P.S. Қарап отырсаңыз, әскери арнайы үгіт-насихаттың барлық әдістерінің ортақ мақсаты – жау әскерінің қатарында ішкі алауыздық, өзара өшпенділік, сенімсіздік тұқымын шашу және оны әлсірету.

Бірақ бүгінде бұл әдістерді жау әскеріне емес, өзінің қарапайым халқына қарсы қолдану көбейді.

Бейбіт тұрғындарға қарсы қолданылған үгіт-насихат жау солдатынан да тиімдірек жұмыс істейді. Бұл қарапайым халықтың өзін қорғай алмауынан болса керек.

Қара үгіт-насихатқа қарсы тұрудың ең жақсы жолы – оның нақты жұмыс әдістерін саралауды үйренуде және мұндай әдістер көп.

Қиын, күрделі, қауіпті жағдайларда достарыңыз, отбасы мүшелеріңіз, айналаңыздағы адамдар – олар сізге көмек қолын созып, қолдау көрсететінін, сізді құтқаратынын есте ұстаған жөн.

Арнайы үгіт-насихат әдістерінің кез келген әсеріне қарсы нақты және мүлдем қарама-қайшы келетін қарапайым сөздер бар. Ол: АДАМ КЕЗ КЕЛГЕН ИДЕЯ-дан ЖОҒАРЫ деген сөз. Осыны естен шығармасақ болғаны.

Т. Раушанұлы