Теледидарды интернетсіз қалай қосуға болады?

Теледидарды интернетсіз қалай қосуға болады?
Фото: toldinet

Қазтелерадио теледидарға бұрын интернет арқылы кіру мүмкіндігі болса, оны интернетсіз қалған жағдайда қалай қосуға болатынын айтты.

Бұл әрекетті орындау үшін, сіз аналогтық дециметрлік антеннаны жалғауыңыз керек, оны халық арасында айырсадақ (рогатка) деп атайды.

Теледидарыңыз 2012 жылға дейін шығарылған болса, онда сандық эфирлі қабылдағыш керек.

Ал, "Қазақтелеком" ұлттық компаниясы осы күндері интернетсіз қалған қазақстандықтар үшін фильмдер, мультфильмдер мен деректі фильмдерді тегін көруге жол ашқанын хабарлады.

Ол үшін tv.telecom.kz сайтында тіркеліп, "Архив" бөліміне өту керек.

Т. Раушанұлы