Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Кеңестер / Әлемдік бренд жасаудың құпиясы

Әлемдік бренд жасаудың құпиясы

Әлемдік бренд жасаудың құпиясы

Әлемнің жүзден астам мемлекетінде 30 мың желі, шамамен 4 трлн доллар айналымы бар 3 млн кәсіпорын – дүниежүзіндегі франчайзинг нарығының көрсеткіші. Бұл көрсеткіштің үлкен үлесі 33% Азия құрлығына тиесілі, одан кейін Еуропа мен Солтүстік Африка тұр. Егер Латын Америка нарығында франчайзинг үлесі 2007 жылы 7% болса, 2015 жылы 12%-ға дейін көтерілген. Жергілікті франшиза дамыған елдердің көш басында – Бразилия, одан кейін АҚШ, ОАР, Жапония секілді елдер бар.

Ал Ресейде франшиза үлесі 60%-дан жоғары болса, Қазақстанда оның үлесі 20%-дан аспайды. Франчайзерлер саны бойынша Қытай бірінші орында, онда 5 мыңға жуық франчайзинг желісі бар.

Қазақстан нарығында франчайзинг ритейлмен, яғни бөлшек саудада танылған. Киім-кешек, тұрмыстық заттар мен басқа да тауарлардың франшизасы ашылған. Одан кейін қоғамдық тамақтану мен сервистік қызметтің де франшизалары алынған. Елімізде франчайзинг шартында жұмыс істеп отырған кәсіпорындардың жылдық айналымы 3 млрд долларға жуықтайды.

Батыс елдеріндегі франчайзингпен және өзі жеке жұмыс істейтін компанияларға талдау жүргізгенде, әр төрт компанияның үшіншісі 5 жыл ішінде жабылады, ал франчайзингтегі компаниялар шығынға батпайды. Егер кәсіпорындар бір брендпен және бір маркетингпен желі ретінде құрылса, тоқырау мен дағдарыстан жеңіл шығады.

Осы ретте испандық кәсіпкерлер Алматы кәсіпкерлеріне әлемдік атаудағы компания құрудың қыр-сырымен бөлісті. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізілетін French day іс-шарасында жеке кәсіппен айналысушылар франшиза, оның ерекшелігі мен мүмкіндіктері туралы пікір алмасып, тәжірибе бөліседі. Кәсіпкерлікке баулудың кезекті отырысы қарапайым химиялық тазалау орталығының әлемдік брендке айналуы тақырыбына арналды.

1994 жылы Мадридте ашылған Pressto химиялық тазалау орталығының бүгінгі жетістігі қызығарлықтай. Дүниежүзіндегі 24 мемлекетте үш миллионнан астам клиенті бар ірі компанияға айналды. Әлемге ең танымал кір жуатын орын директорының орынбасары Франсиско Гарридо Алонсоның айтуынша, жетістіктің бар сыры – клиентке қарай бейімделуде.

«Pressto әлемдегі үздік 100 франшизаның қатарында. 538 химиялық тазалаудың ішіндегі 59 орын меншік иесінікі. Ал қалғандары франшизамен ашылған. Компания нарықтың түрлі талаптары мен жағдайларын зерттеп, клиенттердің сұранысына қарай бейімделу арқылы жұмыс істейді. Тұтынушылар заттарын ұқыпты, тиянақты тазалайтын кәсіби маманға табыстағылары келеді. Инновациялар әрдайым енгізіліп келеді. Дегенмен ең бастысы – клиенттермен жұмыс істеу. Клиенттер тапсырысының сомасына қарай балдар мен бонустар беріледі. Бұл клиенттердің қайта келіп тапсырыс беретініне сенімділікті оятады», – деп түсіндірді Франсиско Гарридо Алонсо онлайн байланыс арқылы.

Шетелдік маманның айтуынша испаниялық марканы қарапайым кір жуатын орынмен салыстыруға болмайды. Pressto – химиялық тазалау бутигі. Онда бөлменің дизайнынан бастап түрлі қызметтер ұсынылады.

Шетелдік маман жетістіктің келесі бір құпиясы – қызметтің ашықтығы екенін айтты. Егер өзге компанияларда барлығы жабық, жасырын болуы тұтынушылардың сенімділігінде күмән тудырады. Компанияда тұтынушылардың келіп, іске араласып, кез келген заттарын өздерін тазалауға, тіпті оларға мамандардың тазалау процесін бақылауға мүмкіндік жасалуы сенімді жұмыстың негізі.

«Қаржылық қиындығы бар клиенттерге қызмет көрсетеміз. Несиеге қызмет алуға да болады. Тіпті өздері жуып ала алады, бұл әлдеқайда арзанырақ. Ал қызметкерлер әрдайым көмектесіп, кеңес береді», - дейді Франсиско Алонсо.

Қызметті әртараптандыру бизнестің мүмкіншілігін арттырады. Тек тапсырыс беріп қана қоймай, жөндеу, тігу, қайта пішу секілді қызметтерді көрсету – клиенттің уақытын үнемдеп, кәсіпкердің табысын арттырады. Сонымен қатар цифрлық технология мен интернеттің қарқындылығында онлайн тіркелу арқылы тапсырыс бере отырып, жұмыстың барысын толықтай бақылауға да жағдай жасалған. Ал қымбат мата, тері мен былғарыдан жасалған заттарды маусым сайын сақтауға да беруге болады. Мұнда ерекше күтім қажет заттары арнайы талаптар мен температурада сақталады.

Еске салсақ, Қазақстанда франшиза 1994 жылы Coca-Cola Bottlers Almaty зауытының ашылуымен байланысты. 1994-2004 жылдар аралығында елімізде 150 шетелдік франчайзинг жүйесі жұмыс істеп, оның аясында 1150 кәсіпорын ашылған. Ал 2004 жылдың 2010 жылға дейін франчайзинг жүйесі екі есеге өсіп, ешкі нарықта 350 бренд жұмыс істеді.Елімізде өндіріс саласындағы франчайзинг 23% болса, сауда саласындағы компаниялардың 46% франшизада, одан кейін қоғамдық тамақтану – 22%, халыққа қызмет көрсету – 11%, саяхат саласында 7% бар.

0
Рейтинг: +0

Фото: "Атамекен" ҰКП
Қосылған күні: 27 қазан 2017, 10:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.