Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Кеңестер / Бизнесті салық төлеуге қалай ынталандыру керек?

Бизнесті салық төлеуге қалай ынталандыру керек?

Бизнесті салық төлеуге қалай ынталандыру керек?

Салық кодексінің жаңа жобасында тәуекелді басқару жүйесі қарастырылған. Тәуекелді басқару жүйесі әдісінің ықпалдылығы – қоғамның экономикалық және саяси дамығанының шынайы көрінісі беретін салық салудың жағымдылығын қамтамасыз ету. Мұнымен қоса, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау салық қызметі органдарының жұмысында негізге алынатын басымдығының бірі.

Бұл жүйенің жұмысын түсіндіріп өтсек, әрбір салық салушы мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына кіріп, әлеуетті контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірін теріп, салық төлеушілер қатарындағы деңгейін анық көре алады. Олар санатына қарай бөлініп, арнайы белгіленген қызыл, жасыл, сары түстермен көрсетіледі.

«Мысалы, егер кассалық машинаны онлайн пайдаланып, электронды шот берсем, ол мен үшін пайдалы. Бұл әрине, қисынды әрі ойға қонымды. Бизнес «кәсіпорынның қандай екенін білмеймін, бірақ оның тауарын сатып аламын» дегенді айтып атады. Ал мұны енді ЖСН арқылы анықтауға болады. Сайтта ЖСН теріп, түсін көре алады. Егер қызыл болса, сол контрагентпен жұмыс бастар алдында ойлану керек», – деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Салық салушыларды тәуекел деңгейіне қарай жіктеудің негізінде сараланған тәсіл қарастырылған. Қызыл аумақта барлық бақылау шараларының толықтай кешені, оның ішінде камералық бақылау, тексеру үшін іріктеу, қайтарымға ҚҚС растау, мәжбүрлік жазалау шаралары қарастырылған. Сары аумақ – хабарлау, түсіндіру хаттары, семинарлар мен әкімшіліктендірудің стандарттық механизмдері. Ал жасыл аумақта әкімшілік кедергілерді азайту мен серіктестік басымдығы бар.

Мұнымен қоса, кәсіпкерлерді бағалаудың осы жүйесін енгізу бизнесмендерге арналған салық қатынастарының қолданыстағы жағымды аспектілерін төмендетпеу керек. 73 мың тексеру азайтылып, тәуекелді басқару жүйесіне ауыстырылады.

Рустам Жүрсінов бұл жүйе бақылауға септігін тигізетінін айтып отыр. Мысалы, еліміздің әр өңіріндегі сауда кәсіпорындары мен мұнай компанияларының салықтық ауыртпалық коэфицентін қадағалауға мүмкіндік береді.

Жаңашылдықтың мәні – салықтық тексеру жүргізудің жиілігі, ҚҚС артық сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібін пайдалану құқығын қолдану тікелей салық төлеушінің өзіне байланысты.

Егер қайта-қайта заң бұзса, салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша ең аз шығын орын алса, кәсіпорын жиі тексеріледі. Сәйкесінше, тәуекелі төмен компаниялар сирек тексеріледі.

1195 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: atameken.kz
Қосылған күні: 11 қазан, 14:25
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...