Неге байлыққа қол жеткізе алмай жүрсіз?

Неге байлыққа қол жеткізе алмай жүрсіз?
Фото: Tengrinews.kz

Байлыққа қол созғаныңызбен, жағдайыңыз әлі жақсармай тұр ма? Жақсы табыс табасыз, бірақ, өзіңіз ойлағандай өмірге әлі қол жеткізбей жүрсіз бе? Ендеше, табысты болуға кедіргі келтіретін мына себептерді оқып көріңіз.

1. Көп арыз айтасыз немесе қатты армандайсыз, бірақ әрекет жасамайсыз.

«Қолымнан келмейді»,– деп қашанғы жүрмексіз? Cіздің бұл арыздарыңыз біреуді қызықтырады деп ойлайсыз ба? Жоқ! Қазірден бастап әрекетке көшіңіз. Ауызбен іс бітіргенше, өзіңізді дәлелдейтін уақыт келді.

2. Шектеу қоюды білмейсіз.

Бір ғана күртеше сатып аламын деп барып, сауда үйінен бір көлік зат алып келетін жағдайлар кездесері анық. Енді ойланып қараңыз, сіз кімді алдадыңыз?! Бір күртешенің орнына 10 киім алып, өзіңізді алдағаныңызбен, қаражатыңызды алдай алмайсыз.

3. Оқу, үйренудің не екенін ұмыттыңыз.

Wi-Fi роутерінің баптауын қарауға да ерінесіз. Одан да көршіңізден орнатып беруін сұрап, сол үшін оған ақша төлеуді жөн санайсыз. Оның орнына сіз екі сағатыңызды YouTube арнасына жұмсап, қалай орнату керек екенін үйренсеңіз, ақшаңыз қалтаңызда қалады. Қолыңыздың тағы бір іске икемі артады.

4. Еріншектік сізден бұрын туған.

Сіз таңертеңгі сағат 9:00 мен кешкі 18:00 аралығында жұмыс істейсіз. Кейін үйге келіп, демалуға құқығым бар ғой деп жатып аласыз. Сіз оның орнына қосымша жұмыстар жасаңыз. Сурет салатын қабілетіңіз болса, оны шыңдаңыз. Тіл үйреніңіз. Бәрі сіздің болашағыңыз үшін қажет екенін естен шығармаңыз.

5. Айналаңызды қоршаған сәтсіздіктерден арылыңыз.

Айналаңызға бір зер салып қараңызшы. Бәрі сіз секілді жайбарақат өмір сүріп жатыр ма? Көршіңіз, досыңыз, әріптесіңіз бірқалыпты өмірді жөн санай ма? Сіз олардың қатарынан шығыңыз. Сіз қиындықтарға қарсы жүзіңіз. Сол кезде олардың сәтсіздігі тек өздерінің кінәсі екенін ұғынуға мүмкіндік бересіз.

6. Қолыңызда барды бағалай алмайсыз.

Қарапайым ұялы телефонды мысалға алайық. Сіз сатып алған бойда оған қорғайтын экранды орнатқаныңызда, оның сыртына қаптама кигізгеніңізде қазір беті жырық, ескі көрінетін телефонды ұстап жүрмес едіңіз. Бір затыңыз бұзылғалы тұрғанын байқаған бойда жөндетіңіз. Оның қирап, әбден істен шыққан уақытын күтудің қажеті жоқ.

7. Бос нәрсеге шашыласыз.

Сүйкімді шұлықтар. Ішімдік. Темекі. Сіз үшін пайдасы жоқ нәрсеге несіне ақшаңызды құртасыз? Ойланып көріңізші....

8. Жоспарлай алмайсыз.

Үйіңіздің алдына сарай салуды жөн санадыңыз. Қолыңыздағы қаржыны есептеместен, астына іргетасын құя салдыңыз. Оған кететін тастың санын, терезелерін есептеу ойыңызға да келмеді. Ақыры, ақшаңыз тек төбесін жабуға жетті де, іші мен сырты келесі жазға қалды. Кім кінәлі? Ақшаның жоқтығы ма әлде сәл ойлануға уақыт жұмсағысы келмеген сіз бе?

9. Сіз керек емес дүниеге үнемдейсіз.

Базардан барып 3000 теңгеге аяқ киім алдыңыз. Оны қанша уақыт киесіз? Бір жыл әлде бір ай? Иә, бір ай әрі кетсе екі ай киесіз. Кейін оған қарай да алмайсыз. Тағы да барып 3000 теңге аяқ киім аласыз. Осылайша, бір мезгілде арзан бағаға үш аяқ киім алып, тағы қаржыңызды текке шашасыз.

10. Өзгерісті қаламайсыз.

Өзгерісті қаламайтысыз, осылай өмір сүрген сізге ұнайды ғой, иә? Өзіңіздің ыңғайлы аймағыңыздан шыққыңыз келмейді. Ал кез келген өзгеріс талап пен еңбекті керек етеді. Ал, сізге қиындықтарға тап болғаннан гөрі, осылай елдің жағдайына, жұмыссыздыққа, жемқорлыққа арыз айтып жүре берген тиімді. Ендеше, солай өмір сүруді жалғастыра беріңіз.

Байлыққа ие болу үшін де тер төгу керек екенін естен шығармаңыз.

Т. Есқали