Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG
WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG

Автор: Жолдас Өрісбай

Статус: Фрилансер тілші

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Кеңестер / POS-терминал: тәртібі мен жазасы қандай?

POS-терминал: тәртібі мен жазасы қандай?

POS-терминал: тәртібі мен жазасы қандай?

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы қаулысы бойынша арнайы салық ережесіне сай  жұмыс істейтін жеке кәсіпкерліктер мен заңды тұлғалар 2016 жылдың қаңтар айынан бастап POS-терминал қолдануға және орнатуға міндеттелген.

Осыған орай, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында POS-терминалды пайдалану, электронды төлем мәселесі бірнеше рет көтерілген. Ұлттық палатада POS-терминалдар орнатудың – көлеңкелі экономикамен күресудің бір тәсілі екеніне баса назар аударылды, дегенмен құрылғылардың қымбаттығы, транзакция жүргізу үшін екінші деңгейлі банктер бекіткен комиссиясының жоғарылығы және нақты фирмалардың терминалдарын ғана пайдалану қажеттігі кәсіпкерлер үшін кедергі келтіріп отырғаны да талқыланды.

ҚР Ұлттық банкінің ақпаратына сүйенсек, 2017 жылдың 1 маусымында Қазақстанда қолданыста 16,6 млн төлем карталары бар, ал бұл карта иелерінің  саны – 14,9 млн.

2017 жылдың мамыр айында отандық эмитенттердің төлем картаны қолдануымен жүргізілген транзакция көлемі 1 096,7 млрд теңге болды. 2016 жылмен салыстырғанда 32,5%-ға артқан. Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз төлемнің басым көпшілігі, атап айтқанда 53,4%  POS-терминалдар арқылы жүзеге асырылған.

Бұл мәліметтерге қарасақ, елімізде қолма-қол ақшасыз төлем жасауды, әсіресе төлем карталарын қолдануды таңдайтындар қатары жыл сайын артып келеді. Алайда, кәсіпкерлердің барлығы бірдей өз жұмыстарында POS-терминалдарды қойған жоқ.

Осы орайда қандай кәсіпкерлер POS-терминалды орнатуы тиіс және орнатпаған жағдайда қандай жаза қолданылатыны туралы мағлұмат беруді жөн санадық.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік пен таңдалған салық салу режимінің формасына қарамастан POS-терминал қойылуы тиіс қызмет түрлерінің тізімі бекітілген.

Бұл тізімде:

• Автокөлік пен мотоциклдардың бөлшек және көтерме саудасы, олардың жөндеу және техникалық қызмет көрсетуі;
• Бөлшек және көтерме сауда;
• Қонақ үйлердің қызмет көрсетуі;
• Мейрамхана және тағы басқа да тамақтану, сусын ұсынуды атқаратын орындардың қызметінде;
• Жол жүру құжаттарын (билеттерін), әуе және темір жол көліктеріндегі жүк және жолжүгі түбіртегін сату;
• Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға қою мен сақтау бойынша қызмет, тасымалдау мен жүк жеткізу бойынша көмекші қызмет көрсету;
• Туроператор мен туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдар (турагенттерден басқасы);
• Сақтандыру саласындағы қызмет;
• Денсаулық сақтау саласындағы қызмет,
• Білім беру саласындағы қызмет,
• Кинофильмдерді, бейне- және телевизиялық бағдарламаларды тарату, кинофильмдерді көрсету;
• Фитнес, спортклубтары, би алаңының қызметі;
• Құмар ойындар мен бәс тігу орындарын ұйымдастыру қызметі;• Боулинг (кегельбан) пен бильярд ойын алаңдарының қызметі.

Бұл міндеттеме тұрақсыз сауда нысандары арқылы қызмет жасайтын ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өзі өсіріп, көтерме және бөлшек саудағы шығаратын өндірушілерге қойылмайды.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 194, 195 баптарында POS-терминалдың болмағаны үшін және карта арқылы төлем қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер заң бұзушылық бірінші рет орын алса, онда жай ғана ескерту беріледі, ал қайталанған жағдайда әкімшілік жаза күшейеді. Атап айтқанда: POS-терминал жабдығы болмаған 40 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 80 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, ал карта арқылы төлем қабылдаудан бас тартса, 100 АЕК-ке дейін айыппұл беріледі.

Бүгінде сауда жасағанда сатушыдан түбіртекті талап ету туралы ескерту мен сауда мәдениетінің жаңа деңгейін қалыптастыруға барынша күш жұмсалып отыр. Тұтынушының түбіртекті талап етуі бір жақты болмайды. Бұл арқылы сатып алушы тауарды қайтарып беру мүмкіндігіне ғана ие болып қоймай, ашыө та әділ сауда жасауға үлес қосады. Мәселен, Астана мен Алматы қалаларында сауда орындарындағы сатушылар өз клиенттеріне чек, түбіртектерді міндетті түрде алуды ескертеді. Түбіртек берілмеген жағдайда сауда орнының (дүкен, кафе және т.б.) әкімдігіне ескерту жасалса, тауарды тегін беруге кепілдік берілетіндігі туралы ақпарат та таратылған. Бұл жақсы үдеріс. Сондықтан POS-терминал арқылы сауда жасау – бюджеттік салымдарды көбейтіп, сауда ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қарлыға Телман

172 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: xakep.ru
Қосылған күні: 10 тамыз, 11:34
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...