Жалған кәсіпкерді қалай танимыз?

Жалған кәсіпкерді қалай танимыз?
Фото: palata.kz, entrepreneur.com

Елімізде кәсіпкерлік саласында жиі қайталанатын әрі маңызды мәселелер әрдайым «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Бас прокуратураның назарында. Сондай мәселелердің бірі – жалған кәсіпкерлік.

Жалған кәсіпкерлік дегеніміз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмау ниетінде, заңсыз несие алу немесе салықтан босатылу, сондай-ақ рұқсат етілмеген қызметті жасыру және өзге де мүліктік пайда көру мақсатымен жеке кәсіпкерлік субъектісін құру.

«Кәсіпкерлерге жеңіл ақша табу, салық төлеуде үнемдеуге қызығуда қарсы тұру қиын. Қылмыстық кодекске өзгерту енгізіліп, 215-бап мүлдем алынып тасталды. Осылайша адал кәсіпкерлерге бір қадам жағдай жасалды. Өйткені жалған кәсіпкерлердің әрекетін айшықтауда тергеу мен жазалауға адал кәсіпкерлер де ілініп кететін», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің мүшесі Гүлмира Шажанбаева. Енді алынып тасталған баптың бастапқыда не үшін кодекске енгізілгенін саралап көрелік. Кәсіпкерлер бастарын неге қатерге тігеді, оларды қылмыс жасауға не итермелейді?

«Ең бірінші себеп – кәсіпорынға түсетін салықтық ауыртпалықты азайту. Еуропаның өркениетті елдерінде бұл мәселенің залалы аз. Неге? Заңдары қатаң ба? Заңдар бізде де қатаң. Еуропалықтар шын мәнінде заңға қарсы шықпайды ма? Бұл тұжырым шындыққа жанасады. Ал посткеңестік кеңістікте өмір сүрген халықтар қатаң жоқшылықтың қыспағында болған. Сондықтан экономикада түрлі айла тәсілдер қолданып салық төлеумеу үрдіске айналған», – дейді Гүлмира Шажанбаева.

Бүгінде заң бұзып, айла қолданып салықты төлемеуден жалтару барлығынің бірдей қолынан келе бермейді. Жалған кәсіпкерліктің сызбасы мынандай контрагент алық заңын бұзып (ҚҚС 12% Корпоративті табыс салығы 20%), салық төлемеу мақсатында жалған кәсіпкерге қолма қол ақшаны шешіп беруді өтінеді, осы жұмыс үшін 5-7% сыйақы төлейді. Осылайша мемлекеттік қазынаға төленбеген салық ретінде залал жасалады. Контрагенттер  заңнама талаптарын бұзып, жалған кәсіпкерлермен жалған келісімдер жасаған. Осы келісімдер бойынша нақты тауарлар жеткізілмеген, қызметтер көрсетілмеген, өйткені көп жағдайда жалған кәсіпкерде шарттық міндеттерді орындау үшін материалдық-техникалық база болмаған. Дегенмен мұндай жағдайлар контрагенттері мүлде үйрейлендірмеген, жылдан жылға аталмыш «келісімдер» саны артып кеген.

Жалған кәсіпкерліктің ең көп таралған түрі – нақты жұмыстың болмауы, яғни кәсіпорын ешқандай өнім шағрамайтын, жұмыс жасамайтын, қызмет көрсетпейтін. Демек жалған кәсіпкерлік қоғамдық қажеттілікті орындау емес, жеңіл табысқа ие болуға негізделген. Кәсіпорында тіпті қандай да бір қызмет түрі орындалып, өнім шығарылса да бұл әрекеттер қылмысты жасыру үшін ғана жасалған. Осылайша кәсіпорын қоғамда сенім арттыру үшін осындай әрекеттерге барған. 

Бизнесмендер заң бойынша тіркелген кәсіпкерлік қызметімен айналысуға құлықсыздық танытып, ел экономикасына зиян келтіргендіктен қоғамда жалған кәсіпкерлікке қатысты пікір қалыптасты. Жалған кәсіпкерлік адал жолмен табыс тауып отырғандардың жұмысына да кедергі келтіріп отырғаны анық.

Жалған кәсіпкерлік кезінде барлық әрекет бір қарағанда ресми болып көрінеді. Қажетті процедураны сақтай отырып мемлекеттік тіркеуден өту үшін құжат өткізеді, тіркеу мен лизенциялау туралы шешім де шығады. Жалған ұйым құрған тұлғалар іскерлік келісімдерді жасап, кей жағдайда келісім талаптарының бір бөлігін орындайды. Алайда бұл әрекеттің барлығы да бастапқы мақсатқа жетудің жолы ғана. Егер коммерциялық ұйымды құру кезінде құрылтай құжаттарында немесе берілген лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асыруға құлықсыздық танытса, алдағы уақытта да жүзеге асырмаса, онда бұл жалған кәсіпкерлік туралы баппен қаралатыны анық.

Тұлға жалған кәсіпкерлікті жүзеге асырғанын мойындағаннан кейін мемлекеттік кіріс органдары сол тұлғаның барлық контрагенттеріне сома есебінен ҚҚС-ті алып тастау туралы хабарлама жолдайды. Шындығында салық берешегі алаяқтардың өзінен емес, адал кәсіпкерлерден алынады. Жалған кәсіпкермен қандайда бір байланысы болған кез келген кәсіпкер мемлекеттік кіріс органдары үшін назарға алатын негізгі нысанға айналады.

Контрагент – азаматтық-құқықтық қатынаста келісімшарт жасаған тараптың бірі. Шартқа отырған әрбір серіктес контрагент болып саналады. Мысалы мердігер, яғни тапсырыс берушінің тапсырысына орай сыйақы ала отырып, қандайда бір жұмысты атқаруға міндеттелген жеке немесе заңды тұлға контрагент атануы мүмкін.

Еске салсақ, жалған кәсіпкерлік ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілген өзге де әрекетті, атап айтқанда заңсыз жолмен несие алу (219-бап), салық төлеудан жалтару (245-бап), алдау жолымен мүліктік зиян келтіру (195-бап) секілді бірқатар істерді жүзеге асырудың тәсілі болып келді. Егер осыларды ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабынан алып тастаса, онда кәсіпкерлік қызметті атқару мақсатынсыз заңды тұлғаны қалыптастыру әрекеті қалады. Сондай заңды тұлғаны жасауда тұлғаға, қоғам мен жалпы мемлекетке қауіпті қылмыстық істің белгілері болмайды. Ұйымды тіркеу дерегі арқылы зиян келтіре алмайды, ол тек оның заңсыз қызметі арқылы тиюі мүмкін. Оның үстіне әрбір азаматтың кәсіпкерлік қызметпен айналысуына Конституция құқық берген. Мұнымен қоса, жалған кәсіпкерлік үшін өте үлкен, яғни 20 000 АЕК немесе 45 380 000 теңге көлемінде нұқсан келтірілгенде ғана жаза қолданылады. Бұл сомаға дейін қылмыстық та, әкімішілікте жауапкершілік жоқ.

Жалған кәсіпкерлікте келтірілген нұқсан контрагент төлеуден жалтарған салық сомасы немесе контрагент заңсыз алған несие, табыс, түліктік пайда  ретінде анықталып келді. 2016 жылдың шілде айында Жоғары соттың нормативтік қаулысында келтірілген зиянды анықтау, сондай-ақ контрагенттің аталған қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылдаумен дәлелдеуге жататын кінәсі енгізілді. Шындығында, қылмыстық қудалау органдары барлық контрагентті, олар жасаған мәмілелерді тексеріп, олардың растығын немесе жалғандығын анықтап, сондан кейін ғана контрагенттердің жауапқа тартылуы мен жалған кәсіпкерлік мәселесін шешуі керек.

Контрагенттердің көбі жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық процеске қатыстырылмайды, өздері жасаған келісімдерді немесе жалған кәсіпорынмен жасаған мәмілелерді дәлелдей алмайды, сот шешімі туралы үстеме салық салынғаны туралы хабарлама алғаннан кейін ғана біледі.

ҚР Қылмыстық кодексінің жалған кәсіпкерлік туралы бабы жалған кәсіпорынның контрагенттеріне қылмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер салық төлеуден жалтарған болса, алдымен салық тексеруін жүргізу керек, одан кейін ғана қылмыстық қудалауға бастама көтеру керек. Жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық іс аясында контрагентті қылмыстық жауапкершілікке тартуға қорқытып, жалған кәсіпкерлікте жасалған мәмілелер бойынша салық төлеуге «өз еркімен» төлеу туралы талапты бірден қоюы мүмкін.

Контрагенттер жалған кәсіпорынмен ортақ ісі бар екенін әрдайым анықтай алмайтыны назарға алынбайды. Әдетте жалған кәсіпорынның ондаған, тіпті жүздеген конртагенті болады, ал бұл көптеген кәсіпкерлерге қысым жасалады дегенді білдіреді.

Жалған кәсіпорынмен байланысқан адал кәсіпкерлердің мәселесі түрлі алаңдарда, оның ішінде парламенттік тыңдалымдарда, «Атамекен ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезінде және «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» форумында айтылды.

ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп жасаған жұмыстың арқасында ҚР заңнамасына түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. Соның нәтижесінде, 2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы ҚР «Кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл заң арқылы ҚР Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізілді, оның ішінде  «Жалған кәсіпкерлік» туралы 215-бап алынып тасталды.

Қарлыға Телман

Ж. Өрісбай