Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Кеңестер / Қытайды ашаршылықтан құтқарған – шағын және орта бизнес

Қытайды ашаршылықтан құтқарған – шағын және орта бизнес

Қытайды ашаршылықтан құтқарған – шағын және орта бизнес

1959-61 жылдары Қытайда ашаршылық болғаны тарихтан белгілі. Ол ел азаматтарының күнкөріс минимумы төмендеп кеткендігінен болған. Ал 1970 жылдардың соңында Қытай Халық Республикасының бас хатшысы қызметіне келген Дэн Сяопин халықты аштықтан аман алып қалу жолын іздейді. Шешімі - шағын және орта бизнес.

Ел тұрғындарын бизнеске баулу арқылы күнкөріс минимумы артады. 1990 жылдары орташа есеппен әрбір Қытай азаматы күніне бір рет ғана тамақтанған екен. Ал ХХІ ғасыр басында екі рет, соңғы онжылдықта мүмкіндіктерін күніне үш реттен ас ішуге дейін жетіп отыр.

Әлемнің кез келген нүктесінде сатып алатын тауарыңыз Қытайда жасалған болуы бек мүмкін. Себебі ел үкіметі шағын және орта бизнеске қолдау білдіру арқылы Қытайды әлемнің өндірістік орталығына айналдырды. Бұл әрбір азаматты бизнеске үйретуден басталғанын ескерген жөн.

Қытайдың өндіріс және сауда жөніндегі әкімшілігінің (SAIC) ақпаратына орай, Қытайда 2016 жылдың 14 қаңтарына дейін 77 469 000 компания  тіркелген екен. Ал 2015 жылы орта есеппен күн сайын 12 000 компания ресми тіркеліп отырған. Демек Қытайда жылына 4 миллион жеке кәсіпкер пайда болады. Жыл өткен сайын олардың саны да артатыны белгілі. Себебі екі көршіңіз бизнеспен айналысса, сіз де өз кәсібіңізді дөңгелету туралы ойлайтыныңыз айдан анық.

Одан бөлек, Тәуелсіз биліктегі статусқа ие Гонконгта (Сянган) 2016 жылдың желтоқсан айына дейін 1,341,223 жеке бизнес тіркеліпті. Одан бөлек, Капиталистік Қытай болып саналатын Тайвань елінде өткен жылдың соңына дейін 675,129 компания тіркелген. Айта кетсек, Тайвань аралының жері Оңтүстік Қазақстан облысынан үш есе кішкене болса да, ол жерде 23 миллионнан астам адам өмір сүреді. Америкалық Apple компаниясының танымал iPhone смартфонын осы елдегі Foxconn компаниясы құрастырады. Аталған компания тамыз айында басталатын жаңа смартфон науқаны кезінде тәулігіне 500 мың дана iPhone шығарады.

Бізге де жалақыға тәуелді болмай, жеке сектордағы бизнесмендер қатырын көбейткен жөн. Қазіргі біздің қоғамда маңызды мәселе сонда тұр.

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: infoeast.ru
Қосылған күні: 05 маусым 2017, 09:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.