Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Кәсіпкер / Геймификация және кәсіпкерлік

Геймификация және кәсіпкерлік

Геймификация және кәсіпкерлік

Жалпы балалық шаққа саяхат жасасақ, үстел басында ойнайтын ойын түрлерін еске алуға болады. Лото, бинго, монополий, домино, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты ойындар балалардың зейінін ашып, ойлау қабілетін арттырады. Осындай отбасылық ойын түрлерін бүгінде түрлі компьютерлік ойындар, гаджеттер алмастырды. Гаджеттердің өз артықшылығы бар, алайда олар балаларды елестету, қиялдау қасиетінен айырады. Жалпы алғанда дәстүрлі отбасылық ойын түрлері толықтай ұмытылды ма? Әрине, жоқ. Мұндай ойын түрлерінің бірі және бірегейі, көшбасышысы – шахмат болып қала бермек. Десек те заманауи білім кеңестігінде «гейм» ойын арқылы жеткізу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. 

Геймификация – танымал бағыт
Геймификация – бұл түрлі сервистер мен мобильді қосымшалар өз өніміне бұқараны тарту, қызықтыру және басқа да мақсаттарда ойын индустриясы, механикасын пайдаланады. Жалпақ тілмен айтқанда «геймификация» – бұл әлемнің жаңа адамдар, олардың жаңа өмір салтына қарай бейімделудің бір әдісі. Адамды ойын арқылы еліктіру бәсекеге қабілеттілікті, тиімді, қызықты, назарда болуды қамтамасыз етеді. Ал назар аудару бүгінгі таңдағы қымбат "құндылық" қатарына қосылды.

Былай қарағанда ойын арқылы жеткізу механизмдері түрлі салаларда жасырылған. Мәселен, ұялы телефоныңыздағы тіл үйрететін қосымшалар ойынға негізделіп әзірленген.

Мектеп бағдарламасындағы пайдалы ойын түрлері
Әдетте оқу – күрделі әрі ұзақмерзімді әрі әр адам баласының өміріндегі қажетті үдеріс. Бүгінде әлем адами капиталға үлкен мән беруде. Ол дұрыс та, қазіргі таңда мемлекеттің дамуы мен гүлденуі пайдалы қазба байлықтармен емес, адамдардың білімімен, ғылымдағы қарқынымен өлшенеді. 

Сонымен білім алу үшін мотивация керек болып тұрады. Оқулықтар, бітпейтін жаттығулар алғылшын тілін үйренуге құлшынысты оятпайды, осы ретте көмекке ойынға құралған жаттығаулар қолданылады. 

Адами капиталды дамыту бойынша елімізде қолға алынып отырған ірі бастамалар да геймификацияны қолдануда. Мәселен, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәспкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін енгізбек. Аталған пән геймификацияға негізделген, яғни балалар ойын түрлері арқылы кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. 

«Аталған бағдарламаны әзірлеуде бәрін жаппай кәсіпкер және бизнесмен қылуды мақсат тұтпадық. Біздің мақсат – мектеп оқушыларында кәсіпкерлік машықтарды дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру. Олар өмірлік қиындықтар мен тәуекелдерді неғұрлым ерте танып, алдын алса екен деген ой болды», – «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев

Бағдарламаны әзірлеуде, мектептерде кәсіпкерлік негіздерін оқытуда халықаралық тәжірибе зерделенді. Бағдарлама интерактивті болып, гемификацияға негізделген әрі бизнес кейстерді (Project based learning) меңгеруге бағытталған. Атап айтқанда оқушылар 40% теория, 15% кейстер, 45% ойын арқылы жаттығуларды орындайды. 

«Неге геймификация әдісін қолдандық? Өйткені, кәсіпкерлік – тарих не математика пәні емес, кәсіпкерлікке тәжірибе мен еңбек, қимыл-қозғалыс арқылы баулуға болады. Біз онлайн әрі офлайн режимінде ойын түрлерін пайдаландық. Жобаны нәтижелі енгізу мақсатында біз портал әзірлеп жатырмыз. Дәл осы портал арқылы ойындардың басым көпшілігі жүргізілмек», – дейді Олжас Ордабаев. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастаған жаңа жоба жоспар бойынша мектеп бағдарламасына 2019 жылы енгізіледі. Қазіргі таңда оқулықтар әзірленіп, мұғалімдер легі дайындалуда. 

Ойынға бала да, үлкен де құмар 
Неліктен ойын арқылы білім беру жұмыс істейді? Өйткені қазіргі өскелең буын ойын құралдарын пайдаланумен өсіп келеді. Олардың назарын кітап, жазу, дәстүрлі дәріс оқумен аулау қиын. Олардың ынтасы парыз бен дұрыстыққа емес, жарысу мен марапатқа негізделген. Мұндай сана жаңа деңгей, жаңа машыққа икемді келеді, жаңа жаттығулар жасап, рекорд жаңартуға бейім. Сондықтан осы ерекшеліктерді ескере отырып, әлем бағдарламашылары білім жобаларын, тіпті жұмыс түрлерін ойынға негіздейді.

Сараптама жасасақ, ойын түрлері жан-жақты дамып, жас буыннан үлкендерге әсер етіп жатқанын байқауға болады. 

«Кәсіпкер боламын» ойын түрі 
Иә, отандық креативті жастар кәсіпкерлерге арналған үстел басында ойнайтын ойын түрін әзірлеген. Жоба авторлары – Ақтау қаласындағы "Al-Farabi Education Business Academy" мүшелері. Аталған ойын түрінің артықшылығы неде? Бұл балалар мен жастарға арналған қазақ тіліндегі алғашқы бизнес-ойын. «Кәсіпкер боламын» пилоттық жобасы 2017 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысында іске асқан. Мақсаты – мектептерде кәсіпкерлік қызметке үйрету үдерісін енгізу. Жоба 12 мектеп пен 365 жоғары сынып оқушыларын қамтыды. Оларға өңірдің табысты кәсіпкерлері мен бизнесмендері дәріс оқыды. Ойын арқылы сабақ оқыған жастар сыни ойлау, қаржыны басқару, стартаптарды қолға алуды үйренеді. 

Жобаны дамыта отырып, әзірлеушілер 2018 жылдың 19 мамыр күні Ақтау қаласында мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында «Кәсіпкер боламын» атты бизнес ойыны бойынша чемпионат өткізді. 

Ойыннан өрт шыға ма? 
Ойын түрлері сан алуан. Бұл нарықтың жақсысы бар, есері бар. Басқа салалар сынды мұнда да ақылмен таңдау керек. Уақыттың тапшылығы заманында ересектер үшін ойынға көңіл бөлу екіталай болса, ал балалар тәрбиесінде бұл саланы аттап өту мүмкін емес. Сондықтан пайдалы ресурстарды іздеп, отбасылық талқыға салып, дұрыс таңдау жасаған абзал. Ал үлкендерге арналған ойын түрлерінде, атап айтқанда онлайн ойын түрлері құмарлыққа жетелейді. Ересек адамдар, әсіресе ер жігіттер ойынға беріліп, бүкіл тапқан-таянғанын ойынға салады, оңай әрі тез ақша табамын деп, тәуекелге баратын мысалдар біздің қоғамда да көп. Осы ретте Бақылау және қадағалау органдары тарапынан, жалпы ҚР заңнамасына сәйкес құмар ойындарына шектеу салынып, оларға белгілі бір жерде ғана орын арналған. Айтайын дегеніміз кез келген нәрсені шегімен пайдалану керек. 

Сонымен...
Геймификация – бұл компания қызметкерлерін қызықтыру мен еңбек өнімділігін арттыруға қолданылатын мотивация, ұялы телефондар мен балаларға білім берудегі қосымшаларды әзірлеушілерге табыс әкелетін бизнес, ересектердің қалтасын қағатын, құмар ойындарына құмартатын қара нарық, дүкендерде сатылымдарды көбейтетін түрлі құйтырқы акциялар науқаны, балаларды білімге тартатын, түрлі түске боялған қызықты әлем, адам санасын билейтін жаңа көзқарас, миллиондарды елітетін, мыңдарды байытатын бағыт. 

Ал сіз өзіңізге керегін таңдаңыз... 

Әлия Кемелбекова

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: Әлия Кемелбекова
Қосылған күні: 21 мамыр 2018, 17:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.