2018 жылы 775 субсидия келісім шарты жасалды

2018 жылы 775 субсидия келісім шарты жасалды
Фото: estrategiaoab.com, kazgazeta.kz

Қол қойылған 775 жобаның жалпы сомасы – 89 990 млн теңге. Аталған көрсеткіш жайында Алматыда өткен брифингте "Даму ҚДҚ" АҚ Алматы қаласы филиалы директоры Мереке Сыздықов мәлімдеді.

М.Сыздықов айтуынша, Қазақстан бойынша 01.01.2018 - 03.09.2018 уақыт аралығында 775 субсидия келісім шарты жасалды. Алматы қаласында 22 субсидия келісіміне қол қойылып, ол 8 311 млн теңгені құраған. Оның ішінде көлік, өндіріс және қойма сияқты салалар көп кездеседі. 

"Мысал ретінде алсақ, "Даму" қоры Жансая Әбдімәлік шахмат академиясының жобасына қолдау көрсетті. Жансая Әбдімәлік академиясы 4 жастан бастап барлық жастағы балаларға кәсіби білім беретін шахмат академиясы саналады. Студенттерді тәжірибелі жаттықтырушылар, спорт шеберіне кандидаттар, 20 жылдан астам уақыт бойы балалармен жұмыс жасаған халықаралық гроссмейстерлер жаттықтырады. "Даму" қоры бүкіл артықшылық пен перспективаны есепке ала отырып несиені субсидиялады және несие сомасының 50%-на дейін ішінара кепілдікті қолдады. Несие қаражатына Академия ғимаратты меншікке сатып алды. Сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтар алып, жөндеу жұмыстарын жүргізді», - деді М.Өмірбекұлы.

Брифинг барысында "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде, 01.01.2018ж - 03.09.2018 мерзімі аралығында 700 кепіл-келісімге қол қойылғандығы айтылды. Оның жалпы сомасы 27,293 млрд теңгені құраса, кепілдеме сомасы 10,726 млрд теңгені құраған.

Ал, Алматы қаласында 8 ай көлемінде жалпы сомасы 3 113 млн теңге болатын 39 жоба қолдауға ие болып, кепілдіктер сомасы 1 293 млн теңгені құраған.

"Камертон" ЖШС 2005 жылдан бері ашытылған сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын 40 млн теңге сомада банктен несие алды. "Даму" қоры серіктестікті банктің алдында 20 млн теңге кепілдік қолдауымен қамтамасыз етті», - дейді М.Сыздықов.

Massaget.kz