Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Бизнес жаңалықтар / Қазақстандықтар банкоматтан көбірек ақша ала бастады

Қазақстандықтар банкоматтан көбірек ақша ала бастады

Қазақстандықтар банкоматтан көбірек ақша ала бастады

Ranking.kz мониторингіне сәйкес, алғашқы жартыжылдықта қазақстандықтар төлем карталарынан ел аумағында жалпы саны 6,2 триллион теңге ақша алған. Бұл былтырғы 2017 жылғы көрсеткіштен 25,4%-ға артық. Соның 84,8%-ы немесе 5,2 триллион теңге банкоматтардан алынған, бұл жағынан да көрсеткіш былтырғы жартыжылдыққа қарағанда 28,7%-ға артық. POS-терминалдар арқылы ақша алу көлемі 9,8% артып, 932,9 миллиард теңгеге жетті.

Бүкіл республикада төлем карталарынан қолма-қол ақша беру көлемі артқан. Дегенмен бұл ретте көшбасшы Алматы облысы болып отыр. Өңірде үстіміздегі алғашқы алты айда бұл көрсеткіш 34,6% өсіп, 281,4 миллиард теңгені құраған.

Бір айта кетерлігі, картадан қолма-қол ақша алудың басым бөлігі банкоматтардың үлесіне тура келсе де, маусым айында олардың жалпы саны 8,8 мыңды құрады. Бұл өткен айдағыға қарағанда 1,1 мыңға аз.

Қолма-қол ақша алу транзакцияларының жылдық мөлшері 14,4% артып, 129,4 миллионды құрады, соның 122,3 миллионы банкоматтардың үлесіне тура келеді (жылдық өсім – 16,7%). POS-терминал арқылы жүргізілген транзакциялардың мөлшері, керісінше, 14,7%, яғни 7,1 миллионға қысқарған. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында транзакциялардың орташа чегі 47,5 мың теңге болды (былтыр бұл көрсеткіш – 43,4 мың теңге болатын). Банкомат арқылы орташа 42,7 мың теңге (былтыр – 38,7 мың теңге) алынса, POS-терминал арқылы жүргізілген транзакциялардың орташа чегі 131,3 мың теңгені (былтыр – 102 мың теңге) құраған.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: empireatmgroup.com
Қосылған күні: 10 тамыз, 15:29
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.