Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Бизнес жаңалықтар / Батыс Қазақстанда ауыл бизнесіне басымдық беріледі

Батыс Қазақстанда ауыл бизнесіне басымдық беріледі

Батыс Қазақстанда ауыл бизнесіне басымдық беріледі

Ауылдық жерлерде бизнесті бастау қаржыға келіп тірелетіні анық. Биыл Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының араласуымен бизнестің 422 субъектісі өз жобасын қаржыландыру үшін 1 281 484 000 теңгеге шағын несие алған. Дегенмен қиын да, қызықты кәсіпті бет бұрғандардың қатары азаяр емес. Сондықтан жергілікті билік ауылдағы кәсіпкерлердің ынтасы мен талабына қолдау көрсетіп, Палатаның қосымша қаржы көзін бөлу туралы бастамасымен келісті. 

Арадағы келісімге сай облыс әкімдігі 300,0 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ 300,0 млн. теңге бөлсе, кәсіпкерлер Палатасы қажетті құжаттарды жинауға көмектеседі. Бұл іске аудандық филиалдар да жұмылдырылған. Осының арқасында ауыл кәсіпкерлері енді ауылдан қалаға сабылып әуре болмай, мәселені тұрғылықты жерінде шеше алады. 

«Бұл меморандум қосымша қаржыландыруды екі кезеңмен жүзеге асырады. Жоспар бойынша алғашқы 300 миллионды «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ бөледі. Ал осы мөлшердегі екінші транш келер жылы бөлінеді. Мұның барлығы да ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікке шағын несие беруге жұмсалады», – деді Меморандумға қол қойылғаннан кейін облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов. 

Бұл аймақтың дамуы үшін өте маңызды. Кәсіпкерлікті қаржыландыру ісі ең өзекті бес мәселенің бірі саналады. Сондықтан «Атамекен» ҰКП, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ және БҚО әкімдігі көтерген бастама нәтижесіз болмай, ауылдағы шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін береді, – дейді Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин. – Біз өз тарапымыздан бұл жобаларды назарда ұстаймыз. Ауыл тұрғындарына бизнес-жоспар құруда, құжат жинап, тиісті жеріне жеткізуге көмек береміз. Қазірдің өзінде бірқатар жобалар жинақталды. Олардың құны 700 миллион теңгеге жетті». 

Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы Бақыт Құдасбаеваның айтуынша, несие беру тәртібі өте қолайлы. 

«5 миллион теңгеге дейінгі қарыз стартаптарға бөлінеді. 8000 АЕК-ке дейінгі қаржыға бизнесті кеңейтуге болады. Несиелендіру мерзімі 4,5 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7% аспайды», – деп түсіндірді қор өкілі. 

Сонымен қатар «Даму» АҚ арқылы несиелендіру қорын құру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Даму» АҚ 700,0 млн. теңге беруге дайын. Бұл несиелендіру жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. 

Қазіргі таңда аудан кәсіпкерлері Кеңесі мен филиал қызметкерлері озық шыққан жобаларды іріктеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері тоқталғандай, бизнесті қолдаудың тиімді құралдарының бірі ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын айтуға болады. Бағдарлама іске асырылғалы бері мемлекеттің көмегімен 2010 жылдан бері батыс қазақстандық кәсіпкерлердің 723 жобасы қамтылған, 86,9 млрд. теңгеге инфрақұрылым жүргізілген. Кепілге қояр мүлкі жоқ 183 кәсіпкер 2 млрд. теңге көлемінде кепілдікке ие болыпты. Бірегей бағдарламаны іске асыру арқылы 28,3 мың жұмыс орны сақталып, қосымша 5 мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылды. 

Мамандардың сөзінше, соңғы екі жылда ауыл кәсіпкерлерінің қатары көбейген. Былтыр мақұлданған жобалардың 43% ауылдық жерлерге тиесілі болса, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша бұл көрсеткіш 38% жеткен. 

Альбина Байқонақова 

257 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: atameken.kz
Қосылған күні: 14 қараша, 13:36
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...