Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады
Фото: utmagazine.ru

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы дүйсенбі күнгі электрондық сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,17 долларға дейін қымбаттап, 55,79 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 0,29 долларға көтеріліп, 49,58 долларға жетті.   

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы