Қазақстан өндіретін мұнай көлемін арттырады

Қазақстан өндіретін мұнай көлемін арттырады
Фото: kazakh-zerno.kz

2017 жылдың соңына дейін Қазақстан жыл басындағы жоспардағыдан 4 миллионға көп мұнай өндіруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің орынбасары Мағзум Мырзағалиев мәлімдеді.

Қазақстан өткен жылы ОПЕК+ пактіне орай өндіретін мұнай көлемін азайтуға келісім берген болатын. Енді жыл соңына дейін 85 миллион тонна өндіруді жоспарлап отыр.

«Соңғы 8 айдың статистикалық есебі бойынша, Қазақстан 59,6 миллион тонна мұнай өндіріп үлгерді. Бұл өткен жыл көрсеткішінен 12,2 пайызға көп болып отыр. Ал 10,02 миллион тонна мұнай өңдеуге жіберілді»,– дейді министр орынбасары.

Қазақстан тәулігіне 1,642-1,645 миллион баррель мұнай өндіреді. Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі аясындағы белгіленген мөлшерден аспауға тырыып бағады.

ҚР Үкіметі өкілінің мәліметіне орай, газ конденсатын өндіру де жыл басынан 12,2 пайызға (56,972 тонна) артқан. Жыл соңына дейін 48 миллиард метр куб өндіру жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан өндіріс көлемін 2040 жылға дейін 4 пайызға өсіруді жоспарлап отыр.

Ж. Өрісбай