Жер қойнауы туралы кодекс: нені назардан тыс қалдырмау керек?

Жер қойнауы туралы кодекс: нені назардан тыс қалдырмау керек?
Фото: Атамекен ҰКП

12 қыркүйекте Ұлттық палата Төралқасының мүшесі Данияр Абылғазинның жетекшілігімен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 22-отырысы өтті. Жиынға «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов, сондай-ақ қауымдастықтар мен Ұлттық палата өкілдері қатысты.

Данияр Абылғазин хабарлағандай, күн тәртібіне «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс, жаңа Салық кодексі жобасының әзірленуі және мемлекеттік органдармен келісілуі, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік субъектілері мен автожанар май құю станцияларын есептеуді бақылайтын құралдармен жабдықтау бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысты мәселелер шығарылды.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Заңғар Ноғайбай «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының дайындалуы туралы баяндап, мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауды, жұмыс істеп тұрған, сондай-ақ келешектегі көмір-сутекті шикізаттың келісімшарты тарапынан мүдделерді қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, әлемдегі мұнай бағасының төмендеуінде Қазақстандағы мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру, саланы тұрақты дамыту үшін тиісті жағдаймен қамтамасыз ету тұжырымдамалық міндет болғанын атап өтті.

«Мұнымен қоса, жер қойнауын әзірлеудің оңтайлы қағидаты мен көрсетілген қағиданы жүзеге асыруға бағытталған құқықтық және институттық шаралар жүйесін сақтау қарастырылған. Жаңа Кодекстегі барлық жаңашылдықтар геологиялық барлауға салынатын инвестицияны ынтыландыруға, келісімшарттарға қол жеткізуді оңтайлау мен жер қойнауын пайдаланушылардың құзыретті органдармен байланысындағы заңды мүдделерін келісімшарт бойынша жұмыс барысында туындайтын барлық процедураларды реттеу арқылы қорғауға негізделген», ­- деп хабарлады Заңғар Ноғайбай.

Өз кезегінде «KAZENERGY» қауымдастығының басқарушы директоры Нұрлан Жанекенов жаңа Салық кодексінің жобасын дайындау аясында жүргізілген жұмыстың есебін берді.

Спикер атап өткендей жаңа Салық кодексінің мақсаты – идеологияны өзгерту: барлық түсініксыз әрі нақты емес жайттар салық төлеушінің пайдасына шешіледі, қолданудағы жеңілдік: жазылудың бірыңғай стилі, заңға қосымша актілермен қайталануын болдырмау, кросс-сілтемелерді азайту,көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, Қазақстанда жер қойнауын пайдалану мен өзге де салалардағы инвестицияны арттыруды ынталандыру және тиімсіз жеңілдіктерді алып тастау.

Аталған мәселені талқылау барысында комитет мүшелері жер қойнауы мен салыққа қатысты заңнама жобаларын үйлестіруді ұсынды. Мысалы салық кодексінде «Бірлескен барлау мен өндіруге келісімшарт» түсінігі қолданылады, ал жер қойнауы туралы кодексте тиісті келісімшартты беретін «бірлескен» термині қолданылмайды. Жобада «Көмірсутектікшикізатты барлау мен өндіру келісімшарты», «Көмірсутекті шикізатты өндіру келісімшарт» секілді түсінік енген.

«Бүгінде белгілі аспектілерге қатысты мәселелер туындап, заңдағы түсініктерге түрлі түсіндірулер берілген. Егер қазір «күкірт қышқылын айдауды» «күрделі жұмсалым» деп санаса, онда бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыру керек», - деді Сауат Мыңбаев.

Жиын барысында есептеуді бақылайтын құралдарды орнату бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Қатысушылар назарына «Атамекен», мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптардың Астанадағы жанар-жағар май айналымы мен сақтау нысандарын аралаған жиынның қорытындысы туралы ақпарат ұсынылды. Нысандарды тексеру кезінде есептеуді бақылайтын құралдардың жаңасын қойғанның өзінде құралдардың дәл жұмыс істемей, түрлі мұнай өңдеу зауыттарынан алынған өнімдердің тығыздылығының әртүрлі болуымен, қысқы уақытта қату, температураның өзгеруімен байланысты мәліметтердің нақты берілмеуінің қаупі бар екенін расталды. Комитет мүшелері берілген ақпаратты есепке ала отырып, ҚР Үкіметіне аталған бағдарламаны жүзеге асырудың пайдалы еместігін айту ұсынылды.

«Атамекен», «KAZENERGY» мен Қазақстан отын қауымдастығы тарапы есептеуді бақылайтын құралдарды орнату жасырын айналым мәселесін шешпей, бизнеске қаржылай салмақ салатынын, бизнес объектілерінің жұмысын формальді түрде тоқтатуға негіз болатынын, бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жанар-жағар май жетіспеушілігіне соқтыратынын айтты.

Жиында Отын қауымдастығының төрағасы Болат Әуетаев пилоттық режимде қолдану мәселесі әлі шешілмегенін, биыл маусым айынан бастап Қостанайдағы автожанармай құю станцияларына алғашқы пилоттық құралдар қойылғанын, бірақ әлі де нәтиже алынбағанын айтты.

«Шағын және орта бизнес өкілдері Ұлттық палатаға есептеуді бақылайтын құралға қатысты көптеген хат жолдайды. Осы мәселеге қатысты жұмыс жүргізіліп, мақсаты анықталып, сараптамалық қорытынды жасалып жатқанына қуанышты екендерін жасырмайды. Бұл бағыттағы жұмыс жақсы жүргізіліп жатыр. Осы жерден қауымдастыққа қатысты сұрақ туындайды. Мәселелерді шешу үшін қауымдастықтар бірігіп, іріленуі керек, бұл алға қойылған мақсатқа жетуге мол мүмкіндік береді», - деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Бұл мәселені түйіндеген Данияр Абылғазин мәселені түбегейлі шешудің қажеттілігін жеткізді.

Мұнымен қоса, «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттеуден өткен бірқатар қауымдастық қызметі мен есебіне қатысты мәселелер талқыланып, алдағы уақытта тақаратын жұмысқа қатысты ұсыныстар берілді. Тау-кен металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысы аясында қатты пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану мен салық кодекстері заңнамаларын үйлестіру мен жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.

Ө. Сансызбай