ЭКСПО аяқталғаннан кейін теңге құлдырады

ЭКСПО аяқталғаннан кейін теңге құлдырады
Фото: Kapital.kz

ЭКСПО халықаралық көрмесі жабылғаннан кейінгі күні ұлттық теңге шетелдік валюталарғы қатысты бағамы құлдырады. Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясы аяқталып, валюта бағамы жарияланды. Сонымен, 2017 жылы 11 қыркүйектегі теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орта бағасы 335,98 құрады. Осыдан үш күн бұрынғы нәтижемен (333,24/$1) салыстырғанда ұлттық валюта 2,74 теңгеге құлдыраған.

KASE жариялаған ресми ақпаратқа орай, АҚШ долларының минималды бағамы 335,50  теңге болса, максимум бағамы 336,35 теңгеге теңесті. Сауда ауқымы 55 миллион 50 мың АҚШ долларын құраған. Ал жалпы жасалған келісімдер саны 154-ке жетті.

Одан бөлек, Астана қаласындағы ақша айырбастау пунктеріндегі валютаның орташа бағамы 339 теңгеге жетсе, Алматыда бұл көрсеткіш 338,8 теңгемен шектелді.

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасы екі сессиясының шешімі бойынша ортақ пункті ретінде белгіленеді. 

Ж. Өрісбай