Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Бизнес жаңалықтар / Бизнес-омбудсмен – кәсіпкерлердің қорғаушысы

Бизнес-омбудсмен – кәсіпкерлердің қорғаушысы

Бизнес-омбудсмен – кәсіпкерлердің қорғаушысы

Бүгінде көптеген мемлекеттерде омбудсмен қызметі енгізілген. Тәуелсіз қадағалау мен қорғау өкілдігіне ие лауазымдық тұлғаның қоғамдағы рөлі қандай, қай уақыттан бастап қалыптасты, Қазақстандағы омбудсмен қызметі қандай деңгейде деген бірнеше сауалдың жауабын сараптамадан біле аласыздар...

Омбудсмен деген кім?

Ежелгі скандив тілінде «umboð» сөзі тапсырма, өкілдік деген мағынаны береді. Омбудсмен – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғаумен, сондай-ақ өз өкілеттігі шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шара­ларды жүзеге асырумен айналысатын тұлға.

Ол мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан, әртүрлі ұйымдар мен мекемелердің әділетсіз іс-әрекет­терінен жапа шеккен жеке адам­дар­дың бұзылған құқығы мен бостандығын қорғайтын тәуел­сіз халықтық адвокат ретінде қызмет атқарады.

Ең алғаш рет Парламенттік омбудсмен лауазымы 1809 жылы Швецияда бекітілген. Ұзақ жылдар бойы шведтерден басқа құқықтық жүйелерде омбудсмен қызметін құру идеясы қабылданбай келді. Алайда уақыт өте келе шведтік үлгідегі лауазым Солтүстік Еуропада қалыптаса бастады. 1919 жылы Финляндияда, 1952 жылы Норвегияда, одан кейін Данияда енгізілді. Омбудсмен қызметі Еуропадан басқа құрлықта алғаш рет Жаңа Зеландияда 1962 жылы пайда болды. Қазіргі таңда жүзге жуық мемлекетте омбудсмендердің өкілеттігі берілген.

Қазақстанда да омбудсмен өкілдігі енді. Бүгінде елімізде бизнес саласындағы омбудсмен институты жұмыс істейді.

2014 жылы Елбасының кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін түбегейлі шаралар қабылдау туралы жарлығына сәйкес Бизнес-омбудсмен институтын енгізу туралы бастама көтерілді. Осылайша 2014 жылдың 29 жетоқсанында «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер туралы» Заңы Бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі, тағайындау тәртібі және міндеттері, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру туралы нормалармен толықтырылды. Осылайша 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі егжей-тегжейлі қамтылған Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізілді

Қазақстандағы бизнес-омбудсмен қызметі

Бизнес-омбудсмен – Қазақстан үшін жаңа институт. Оның биік мәртебесі мен кең өкілеттілігі отандық бизнестің жүйелік мәселелерімен, шенеуніктердің өктемдігімен және заңнаманың жетілдірілмеген тұстарымен тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Елбасының бұйрығымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов тағайындалды. Бизнес-омбудсмен Президентке ғана есеп береді. Оған қоса, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге Кәсіпкерлік кодексінде қарастырылмаған міндеттер жүктеуге ешкімнің құқы жоқ. Оның қызметіне заңсыз қандай да бір араласуға жол берілмейді.

Өз өкілеттілігін жүзеге асыру мерзімінде (4 жыл) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің саяси қызметпен айналысуға құқығы жоқ, сондықтан саяси партиялардағы және басқа да қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігін тоқтатады.

Бизнес-омбудсменнің басты міндеттеріне кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін таныстыру, қамтамасыз ету қорғау мен олардың өтініштерін қарау жатады. Уәкілдің атына келіп түскен әр өтініш бақылауға алынып, оны Бизнес-омбудсмен аппаратының қызметкерлері қарйды. Бір де бір өтініш заңдық түсіндірмесіз және жауапсыз қалдырылмайды.

Астанада өткен Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының басшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов Қазақстанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен әкімшілік кедергілерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

«Бизнес-омбудсмен жұмыс атқарып жатқан уақыт ішінде бізге 10 000-нан астам өтініш келіп түсті. Шағымның басым бөлігі салық мәселелері, жер қатынастары, құрылыс пен сатып алулар бойынша түседі. Келіп түскен өтініштердің 41%-ы оң шешімін тапты, қорғалған мүліктік құқық 65,3 млрд теңгені құрады. Біз барлық мәселелерді жинап, мәселелер тізілімінде ашық түрде қолжетімді етіп жариялаймыз. «Атамекен» қызмет етіп жатқан уақытта біз осындай 540 мәселені анықтадық, оның 351-і немесе 65%-ы шешілді», – деп атап өтті Жүрсінов.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының басшысы ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық себептерін анықтау бойынша 5 салада – салық, кеден, жер, құрылыс және сатып алуда әлеуметтік зерттеулер жүргізілгенін айтып өтті.

«Заңнаманы ізгілендіру мақсатында бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Заң жобасы аясында Ұлттық палатаның 75 тұжырымдамалық ұсынысы қабылданды, дегенмен кәсіпкерлер үшін маңызды бірқатар мәселелер әлі де бар. Мысалы, бизнесте айтарлықтай мәселе туындататын кедендік заңбұзушылықтарға қатысты тәркілеу. Біз бұл мәселені тез арада шешу керек деп ойлаймыз, өйткені ол Елбасының меншік құқығын қорғау жөніндегі жолдауымен толық үндеседі. 2016 жылы біздің бастамамыз бойынша рақымшылық жасалды, оның ішінде экономикалық қылмыстар бойынша 400-ден астам бизнесмен босатылды», – деп атап өтті Рүстем Жүрсінов.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің I Форумы барысында өзара тиімді ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды. Келісімге Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов пен Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов қол қойды. Құжат Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің арасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері мен кәсіпкерлік саладағы ақпаратты беру жөніндегі келісімді қамтиды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов: «Біз қылмыстық кодексті барынша ізгілендіру бойынша және бизнеске кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша алда келеміз. Заңнамалық және нормативтік құжаттардағы және Салық кодексіндегі өзгертулер Ресейліктердің ерекше қызығушылығын оятып отыр. Келісім тек кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда ғана емес, ақпарат алмасуда да өзара қарым-қатынас орнатады. Мысалы, егер Қазақстанда қандай да бір заң қабылданар болса, және де ол Ресейде қабылданып қойған болса, біз сол қателікті қайталамауға тырысамыз, яғни ақпарат алмасу заңды түрде іске асады», – деп пікір білдірді.

Елімізде бизнес-омбудсмен институты қалыптасқалы бері барлық өңірде жергілікті атқарушы органдар, прокурорлар мен бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов 2000-нан астам кәсіпкерді қабылдап, мәселелерін талқылады. 

Қарлыға Телман

317 4
Рейтинг: +1

Фото: Атамекен
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 10:29
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев