Bitcoin бағасы 5000 АҚШ долларынан асты

Bitcoin бағасы 5000 АҚШ долларынан асты
Фото: www.newscientist.com

Bitcoin бірлігінің бағасы тарихи максимум деңгейіне жетіп, $5,013 АҚШ долларынан сатылып жатыр. Coindesk электронды криптовалюта биржасы жариялаған мәліметтерге орай, Bitcoin бағасы күн сайын жылдам өсіп келеді.

Bitcoin - криптографиялық әдісті пайдаланатын электронды төлем бірлігі. Бұл жүйенің концепциясын 2008 жылдың қараша айында Сатоши Накамото (Satoshi Nakamoto) есімді жапон қаржыгері ұсынған. Кейбір деректерде бұл бір адамның емес, ұжымның аты деп келтіріледі. Қазіргі таңда, Гэйвин Андерсен есімді америкалық бағдарламашы Bitcoin жүйесінің жұмысына жауапты негізгі мамандардың бірі болып отыр. Ал 2016 жылы Крейг Райт есімді аустралиялық электронды төлем бірлігінің авторы екенін мәлімдеген. Бірақ оған нақты дәлел келтіре алмады.

2017 жылдың тамыз айының басында криптовалюта классикалық Bitcoin және Bitcoin Cash болып екіге бөлінді. Бұл транзакцияларды өңдеу үдерісін дамыту мақсатында жүйені жаңғыртуға қатысты келіспеушіліктер нәтижесінде орын алды.

Ж. Өрісбай