Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Бизнес жаңалықтар / Қазақстанның банк секторын сауықтыруға тағы 1 миллиард теңге қажет

Қазақстанның банк секторын сауықтыруға тағы 1 миллиард теңге қажет

Қазақстанның банк секторын сауықтыруға тағы 1 миллиард теңге қажет

ҚР Ұлттық Банкі ағымдағы жылдың қыркүйек айында екінші деңгейлі банктерге қолдау білдіру мақсатында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды бастайды. Салымның көлемі 600 миллиард теңгеден ($1,8 миллиард) көп болмақ.

"2017 жылдың бірінші жартысына қатысты есепке орай, Қазақстандағы қаржы институттарының тиімсіз қарыздарының деңгейі кредит портфелі жүйесінің 11 пайызын құраған. Бірақ, шындығында бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін",  дейді ҚР Ұлттық Банкіндегі банктерге бақылау жасау департаментінің директоры Олжас Қизатов.

Сауықтырудың мұндай жолын жүзеге асыру үшін Ұлттық Банк "Қазақстанның тұрақтылық қорын" жасақтады. Бағдарламаға қажет капиталдың үштен екі бөлігін үкімет, ал бір бөлігін банк акционерлері бөледі. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысу ерікті түрде орындалады. Әзірге белгілі болғандай, қазақстандық 33 банк бағдарламаға қатысуды ниет етіп отыр.

Қор міндеттелген, бірақ төлеу мүмкіндігі төмен облигацияларды банктерден сатып алады. Ал банктер сатылымнан түскен капиталға мемлекеттік құнды қағаздар немесе Ұлттық Банктің ноталарын сатып алуы тиіс.

Қизатов мырзаның айтуынша, әрбір банктің активтерін бағалау жеке тәртіпте өтеді. Банк секторын ратификация жасау қосымша қордың көмегімен жүзеге асырылмаса, жағдай одан әрі қиындауы мүмкін.

Өткен айдың басында "Проблемалы несиелер қоры" Қазкоммерцбанктің (ККБ) тиімсіз активтерінің жартысын 2,4 триллион теңгеге сатып алды. Көп өтпей, Халық Банк ККБ 96,81 пайыз акциясын иемдену туралы ресми ақпарат таратты. Банктердің бірігуіне негіз болған тиімсіз активтер 2008-09 жылдары болған қаржы дағдарысының салдарынан қалып қойғаны белгілі. Сол жылдары Қазақстанның кейбір банктері дефолтқа ұшырап, қайта қаржыландырылған болатын.

Рейтинг: +2

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: astanatimes.com
Қосылған күні: 11 тамыз 2017, 12:39
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.