Германияда нөл еуро шығарылды

Германияда нөл еуро шығарылды
Фото: http://www.maennersache.de

Германияда 0 еуро номиналымен валюта купюрасы шығарылды. Құны жоқ номиналды шығару үшін Германия Федеративтік Республикасы Еуропа Одағының Орталық Банкінен рұқсат алған. Бұл туралы Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымы мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа орай, нөл еуро номиналында 1958 жылы шығарылған Германия әскери флотындағы Горх Фок II шағын желкенді кемесі бейнеленген. Купюра 1000 дана тиражбен шығарылды.

Кәдесый ретінде сатылатын құны жоқ купюраны 2.50 еуроға сатып алуға болады. Нөл еуроға ештеңе сатып алу мүмкін емес. Жаңа ақша купюрасы сауда құралы ретінде қолданыста жүрмесе де, өзге еуро номиналдары сынды қорғауға алынған.

Ж. Өрісбай