Қазақстандықтар енді аймақ қауіпсіздігін өздері анықтай алады

Қазақстандықтар енді аймақ қауіпсіздігін өздері анықтай алады
Фото: massaget.kz

Пәтерді жалға немесе сатып алғанда оның орналасқан жері әртүрлі талаптар бойынша таңдалады. Мысалы, инфрақұрылым қолайлылығы, мектеп немесе балабақшаның жақын орналасуы маңызды рөл ойнауы мүмкін. Ал енді өзіңіз тұрғыңыз келген қаладағы шағын ауданның, тіпті, аймақтық жерлердің қылмыстық деңгейін де көре аласыз.

Krisha.kz жылжымайтын мүлік сауда платформасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің біріккен жобасы іске қосылды. Бұл мәселені кеңінен талқылау мақсатында комитет жетекшісі Бағдат Мусин Алматы қаласына ат басын бұрды.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап krisha.kz сайтында жылжымайтын мүлік саудасы туралы хабарландырулармен қатар, картадан қылмыстық актілердің қай аймақта болғанын көре аласыз. Қылмыстың жеңіл түрінен аса ауыр актілеріне қарай төрт категориямен белгіленеді. Сонымен қатар, мәліметтер соңғы 30 күн, алты ай және бір жыл уақыты шеңберімен көрсетіледі. Осылай ел азаматтары белгілі бір аймақтың қылмыстық белсенділігі мен қауіпсіздігі жайлы ақпаратты онлайн тәртіпте ала алады. Бұл олардың ең тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік бермек.

Комитет жетекшісі Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл жобаға кейбір дамыған елдерде де аналог жоқ. "Республика бойынша қылмыстық істер туралы ақпараттарды біріктіретін бірыңғай реестрде ұйымдастырдық. Сол базаға сіз өтініш берген қылмыстық іс туралы мәлмет енуі үшін ішкі істер департаменті қызметкерінен сәйкестендіру нөмірі бар талон талап етіңіз. Талон сол қылмыстық іс туралы ақпарат ортақ базаға қарауға жіберілгенін білдіреді. Сонқай-ақ, ол krisha.kz платформасында автоматты түрде шығады", - дейді Бағдат Мусин.

Ж. Өрісбай