Еуропаға ұшу арзандады

Еуропаға ұшу арзандады
Фото: bode.lv

Төмен бағадағы (лоукостер) әуе қызметін ұсынатын венгер әуе компаниясы WizzAir Астанадан Будапешке аптасына екі рет әуе тасымалдау қызметін ашты. Бұл туралы ҚР инвестициялар мен даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әуе рейстері аптаның бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылмақ. Будапештен Астанаға ұшатын алғашқы рейспен Венгрия елінің ұлттық экономика министрі өз елінің ресми делегациясымен ұшып келеді.

Жаңа әуе бағытының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай ашылғаны тиімді болып отыр. «WizzAir» әуе компаниясының ақпаратына орай, Астанадан Будапешке ұшу бағасы €49-дан €130-ға дейін болмақ. Көрсетілген бағаға тіркеуден өту мен багажды тасымалдау қызметтері кірістірілген.

Әдетте лоукостер әуе компаниялары тіркеуден өту, жүк, тағам, орынды тегін таңдау сынды қызметтеріне қосымша төлем жасауды міндеттейді. Ал Вернер компаниясы аталған қызметтерге артық шығындалмайтыныңызға кепілдік береді.

Ж. Өрісбай