Қытайлар Шымкентте екі биік ғимарат салады

Қытайлар Шымкентте екі биік ғимарат салады
Фото: otyrar.kz

«Шанхай констракшн» қытайлық компаниясының өкілдері Оңтүстік Қазақстан обылысының әкімдігіне "Шымкент сити" территориясында бой көтеретін екі зәулім ғимараттан тұратын тұрғын үй кешенінің жобасын таныстырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ОҚО әкімдігі жобаны іске асыруға барынша қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Жаңа тұрғын үй кешенінің территориясында 57 қабатты екі ғимарат салынбақ. Заулім үйлер Шанхай-Тауэр және Шымкент-Тауэр атауларына ие болады.

Облыс әкімі аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері және жетістіктерімен бөлісе отырып, ОҚО жерінде шетелдік инвесторлерге тиімді жағдай жасалып жатқаны жайлы айтты.

Ж. Өрісбай