Қазақстанда ипотека беру 12% төмендеді

Қазақстанда ипотека беру 12% төмендеді
Фото: ranking.kz, kn.kz

Ағымдағы жылдың сәуір айында ипотекалық несиелер беру көлемі айтарлықтай азайды. Бір айда сектордың айналымдағы қаржысы 12% төмендеген. Бұл туралы Ranking сарапама агенттігі хабарлады.

Соңғы рет ипотека нарығының құлдырауы осыдан 5 жыл бұрын болған еді. Ол кезде кредиттер көлемі 15%-ға азайған. Ипотекалық кредиттерге деген сұраныс Қазақстанның барлық аймақтарында төмендеген.

Валюта өлшемінде ипотекалық қарыздардың портфелі 119,4 млрд теңгеге қысқарған. Өткен жылдың сәуір айында небәрі 0,1% (15,1 млрд теңге) қысқару болған.

Ranking.kz сараптамалық жұмысы ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты негізінде дайындалды

Ипотекалық кредиттерге сұраныс ең көп азайған аймақ Қарағанды облысы (20,8%) болып отыр. Одан кейінгі орында 19,3%-бен (60,6 млрд теңге) Алматы қаласы тұр.

Айта кетсек, "Нұрлы Жер" бағдарламасы мемлекеттік сектор тарапынан ипотекалық кредиттерге халықтың сұранысын арттыру мақсатында іске асырылып келеді. Жобаның басты мақсаты ипотекалық кредит алған кездегі сыйақы мөлшерлемесін субсидия есебінен ұлғайту болып саналады.

Ж. Өрісбай