Испаниядағы үлкен банк 1 еуроға сатылды

Испаниядағы үлкен банк 1 еуроға сатылды
Фото: bloomberg.com, ft.com

Испанияның Santander атты ең үлкен банкі Banco Popular акцияларын символикалық бағаға сатып алды. Бұл қаржы институтының акционерлері сатылымнан түскен 1 еуроға ие болмақ. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазады.

Banco Popular – Испаниядағы активі үлкен төртінші банк. Еуропаның Орталық банкі дағдарыс кебін киген испан банкінің салымшыларын сақтандыру керек екенін мәлімдеген. Ресми келісімге орай, Santander банкі Banco Popular капиталын тағы 7 миллиард еуроға үлкейтпек.

Еуропадағы банктер қызметін бақылайтын еуропалық Single Resolution Board комитетінің басшысы Эльке Кенинг Banco Popular банкінің активтері сақтандырылғанын мәлімдеді. "Банк өзінің маңызды функцияларын орындауды жалғастырады. Инвесторлар мен депозит салымшылары өз қаржысын толықтай бақылай алады", - дейді Кенинг мырза.

Banco Popular акцияларының бағасы соңғы бес жылда 91,53 пайызға құлаған

Қор нарығында Banco Popular акциялары минимумдық көрсеткішке дейін (91,53%) төмендеген. 2016 жылы банк шығыны 3,485 миллиард еуроны құрады.

Banco Popular 1926 жылы құрылған. Қаржы институтының штаб-пәтері Мадрид қаласында орналасқан. Өткен жылдың желтоқсан айына дейінгі акция бағасы бойынша банк активі 147 миллиард еуроға дейін құлдыраған. Испаниялық банктің 1 739 кеңсесі және 11 948 қызметкері бар. Сонымен қатар, клиенттер базасы 4,5 миллион адам.

Ж. Өрісбай