Ұлттық Банк базалық мөлшерлемесін азайтты

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемесін азайтты
Фото: Informburo.kz

Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерге арналған пайыздық мөлшерлемесін 11%-дан 10,5%-ға азайтты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді.

"Экономиканы қайта қалыпқа келтіру жолындағы базалық сценарийі жоспармен орындалып жатыр. Үдеріс осылай жалғаса берсе, алдағы 12 айда пайыздық мөлшерлемені тағы да төмендетеміз. Бұл қаржы айналымын жылдамдатуға демеу болмақ",  дейді ҰБ басшысы.

Ақышев мырзаның айтуынша, базалық мөлшерлеменің төмендеуі ұлттық валютаны құнсызданудан сақтайды. Ұлттық Банк мақсаты теңгенің инфляция көрсеткішін 4% деңгейінде ұстап тұру болып отыр. Бұл ел экономикасының бірқалыпты дамуына негіз болмақ. 

Ж. Өрісбай