"Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған 100 идея" электронды каталогы таныстырылды

Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер әйелдердің бизнестегі белсенділігін арттыру мақсатында кәсіпкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша оқу құралы ретінде "Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған 100 идея" электронды каталогын әзірледі 6 желтоқсанда Ұлттық палатаның баспасөз орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен "Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған 100 идея" каталогының таныстырылымы өтті.

Таныстырылымда атап өтілгендей, "Бұл жинақ кәсіпті жаңадан бастағысы келетін, бірақ қажетті тәжірибе мен біліктілігі аз адамдар үшін жақсы оқу құралы болады. Бұдан бөлек, жинақ сапалы құрылуы үшін бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік ұйымдар және сарапшылық қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықта әзірленді".

Жоба негізгі мақсатты іске асыруда алғашқы қадамды – әйелдер кәсіпкерлігінің жаңа формаларын қолдау және елдің барлық өңірлерінде, әсіресе ауылдық жерлердегі іскер әйелдердің әлеуетін ары қарай шоғырландыруды іске асырды. Каталог кәсіпкер әйелдерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық көмек беру, келешекті бизнес-идеялар мен жобаларды қолдау, кәсіпқой кәсіпкер әйелдердің экономикалық дамудың анағұрлым тиімді жолдары саласында тәжірибе алмасуы бойынша бірыңғай оқу құралына айналуы тиіс. Жұмыс нәтижесі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қызметін жетілдіру бойынша ары қарайғы шешімдерді қабылдау, сонымен қатар тиімді отбасылық және гендерлік саясатты қалыптастыру үшін қолданылады.

Сондай-ақ, осы бағытта "Атамекен" ҚР ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесі идеялар генераторы ретінде өңірдегі әйелдерге іскерлік ортада белсенділігін күшейту мақсатында аталған каталогты қыз-келіншектерге ұсынатын болады.

Анықтама үшін:

Айта кетелік, "БҰҰ-әйелдер" – Біріккен Ұлттар Ұйымының гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі құрылымы бүкіл әлемде әйелдердің құқықтарын құрметтеуді жеделдету үшін құрылды. "БҰҰ-әйелдер" құрылымы БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін халықаралық нормалар мен стандарттарды орнатуға көмектеседі, үкіметтер және азаматтық қоғаммен осы стандарттарды іске асыруда қажетті заңдар, саясат тәсілдері, бағдарламалар мен қызметтерді әзірлеуде ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

2016 жылдың желтоқсан айында ҚР Президенті "Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін отбасылық және гендерлік саясатының 2030 дейінгі Тұжырымдамасын" бекітті. Тұжырым және іс-шаралардың тиісті жоспары Қазақстанда отбасылық және гендерлік саясат бойынша екі іргелі құжат болып табылады. Үкімет БҰҰ мекемелерімен, азаматтық қоғаммен және басқа да серіктестермен бірлесе отырып, Тұжырымдаманы және Іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмысына белсенді қатысады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жылқы жүрісінің түрлері
Жылқы жүрісінің түрлері
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
9 айда 5 миллионға жуық профилактикалық тексеру жүргізілді – ӘМСҚ
9 айда 5 миллионға жуық профилактикалық тексеру жүргізілді – ӘМСҚ
UFC 254: Жеңіске жеткен Хабиб спорттағы мансабын аяқтады
UFC 254: Жеңіске жеткен Хабиб спорттағы мансабын аяқтады