Жер телімдерін ғарыштан бақылау тиімді бола ма?

Жер телімдерін ғарыштан бақылау тиімді бола ма?
Фото: sputniknews, russian7.ru

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізуге арналған ғарыш серіктерінің мүмкіндіктерін қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған қосалқы заңдарға түзету енгізбек.

Қазақстанда осындай жерлердің жалпы ауданы – 202 млн гектар, соның ішінде 105,2 млн гектар ауыл шаруашылығы айналымында. Жер пайдалануда ұзақ уақыт пайдаланылмайтын немесе тиімді пайдаланымай келген жерлер көп.

Жер кодексі пайдаланылмайтын немесе ұтымсыз пайдаланылатын ауыл шаруашылығы алқаптарын жосықсыз жер пайдаланушылардан қайтарып алуды қарастырады. Осындай жер пайдаланушыларға қатысты мемлекет заң бұзушылық анықталған сәттен бастап жер салығының мөлшерлемесін 10 есе арттырып, экономикалық әсер ету шараларын қолданады.

Жер инспекторларының шектеулі штаты, жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және жүргізілетін мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылмағаны оны тиімсіз етеді, өйткені барлық жер учаскілерін қамту қарастырылмаған.

Жер алқаптардың тапшылығы, қолданусыз жатқан жерлердің көптігі халықтың және ауыл шаруашылығы өндірісін дамытқысы келетін кәсіпкерлердің наразылығын тудыруда.

Осыған байланысты "Атамекен" цифрлық технологиялар мен әдістерді қолдана отырып, жосықсыз жер пайдаланушыларға қатысты бақылауды күшейту қажеттілігін қолдайды.

Осы ретте уәкілетті орган ұсынып отырған түзетулерге қатысты бизнес-қоғамдастықтың көптеген сұрақтары мен ескертпелері бар.

"Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану өте өзекті. АӨК комиетінде ауыл шаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізуде ғарыш түсірілімлерін қолдану мәселесін талқыладық. Жалпы алғанда біз пайдаланылмайтын жерлерді анықтауға арналған озық әдістерді қолдануды қолдаймыз. Осы ретте ісін адал жүргізетін жер пайдаланушылардан жерді тәркілеуді болдыртпайтын оларға кінәсіздігін дәлелдеу үшін сотқа жүгінуге мәжбүрлетпейтін механизмді әзерлеу қажет", – деді Иван Сауэр.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану бойынша қолданыстағы критерийлерді қатаңдатуды қарастыратын жекелеген түзетулерге реттеушілік әсер талдауын жүргізуді талап етті. Оның бірі – фермердің геоақпараттық порталда алқаптар мен жайылымдардың кітабын жүргізу міндеті, бұл қызмет ақылы түрде жүргізілетін болады.  

Ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалануына бақылау өкілетті органның тікелей функциясы болғандықтан «Атамекен» жерлерді пайдалануға мониторинг жүргізу шеңберінде фермерлерге портал сервистерін пайдалану ақысыз болуы керек деп санайды.

Әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдана отырып, жер учаскесін пайдаланудың кешенді талдау қорытындысы бойынша жерді қайтарып алу туралы шешім объективті қабылдануы керек.

А. Қажиев