«Ақ жол» депутаттарына жауап: «Бастау» фейк емес

«Ақ жол» депутаттарына жауап: «Бастау» фейк емес
Фото: vk.com

«Ақ жол» партиясының депутаттары «Атамекен» ҰКП операторлығымен іске асырылып жатқан «Бастау Бизнес» бағдарламасын сынға алды. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов жобаны фэйк деп атады. Аталған тақырыпты тақылау блогер Кирилл Павловтың парақшасында жалғасын тапты, блогер бастаулық-бизнесмендерді бағдарлама туралы жазба астында пікір тастап, көрінуге шақырды.

«Мен депутат болмасам да, «Атамекендік» мырзалар, сендерден менде сұрағым келеді. 3 жылдай уақыт өтті. Жаңа кәсіпкерлер қайда? Қанша жаңа жоба құрылды? Жұмыс істеп жатқан және бастауыш кәсіпкерлерді қолдаумен не болып жатыр? Ауылдық жерлерде оң нәтиже бар ма? Алайда «Ақжол» рас айтып, «Бастау» шынымен фейк болғаны ма? Ау, бастаулық-бизнесмендер, тіл қатыңыздар!».

Блогер жазбасындағы үндеуге 1 мыңнан астам пікір жазылды: негізінен бағдарлама түлектерінің пікірлері, нақты мысалдары.

«Кәсіпкерлер, «Бастау Бизнес» жобасымен кім таныс? Тамаша және халыққа қажетті жобаны жапқалы жатыр! Қолдау білдіріңіздер!»

«Сіздер не айтып жатсыздар? Қайдағы фейк? «Атамекеннен» Бастау арқылы оқудан өткендердің көбінде үлкен жоспарлары, әлеуметтік және бизнес бойынша бастамалары бар. Жобамыз кімге кедергі болды?»

Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушылары осындай пікірлермен Кирилл Павловтың жазбасымен бөлісе бастады.

Айта кетелік, осыған дейін өзінің фейсбуктегі парақшасында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев депутат Гүлжан Қарағұсованың бағдарламаға қатысты сынына жауап жазған болатын

«Бастау Бизнес» бағдараламасын «Атамекен» ҰКП 2017 жылдан бері іске асырып келеді. Бағдарлама шеңберінде 88 мыңнан астам адам оқыды. Соның ішінде 23,7%-ы жеке кәсіп ашты, 31,5 мың жұмыс орнын құрды. Бағдарлама қатысушыларымен 35,0 млрд теңгеге жобалар жүзеге асты, өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 50,0 млрд теңгені құрады. 620 млн теңге – «Бастау» түлектерінің 2017 жылдан бастап 2019 жылдың І тоқсаны кезеңінде төлеген салық түсімдерінің жалпы сомасы.

А. Оралқызы