Арыста Ұлы Отан соғысының батыры Иван Журба атындағы мектеп қалпына келтірілді

Арыста Ұлы Отан соғысының батыры Иван Журба атындағы мектеп қалпына келтірілді

Арыс қаласында 1 қыркүйек көпке дейін есте қалады, Журба атындағы мектепте алғашқы қоңырау әсерлі әрі салтанатты өтті. Оқу орны 24 маусымда қару-жарақ қоймасы жарылған, соның салдарынан төтенше жағдайы орын алған әскери бөлімге жақын орналасқан. 

Естеріңізге салсақ, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев  және Қайрат Боранбаев төтенше жағдайдан кейін қалаға кіруге рұқсат берілген соң бірден Арыс қаласына келді. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге келтірілген шығын ауқымымен танысып, әлеуметтік маңызы бар нысандар – мектеп және балабақшаны қалпына келтурді шешті. Осы мақсаттарға Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді. Аталған бастаманы Халық банкінің Halyk қайырымдылық қоры қолдады. Қысқа мерзімге қарамастан Арыс қаласындағы Журба атындағы мектепте Білім күні алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты шараның қонақтары арасында облыс және қала басшылығы, "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова болды.  

"Бүгінде билік және кәсіпкерлердің қолдауы арқасында үйлеріңізге әдеткі жылу мен жайлылық оралып келеді. Ең бастысы білім күнін жөндеуден өткен мектепте, парталар алдында, қуанышты көңіл күймен қарсы алып жатсыздар! Сіздерге жаңа оқу жылында сәттіліктер мен жаңа, таңғажайып ашуларды тілеймін! Осы мектеп қабырғасында игерілген білім сіздердің келешектегі жетістіктеріңіздің негізі болсын. Әрқайсыларыңыз еліміздің абыройлы азаматы болып өссін!" – деді Лазаат Рамазанова. 

Өз кезегінде қала және облыс басшылығы, мектеп дирекциясы, сонымен қатар оқушылардың ата-аналары Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаевқа қалпына келтірілген мектеп, мектеп оқушыларына арналған жаңа, заманауи спорт алаңы үшін алғыс білдірді. Естеріңізге салсақ, бизнесмендерден қосымша кәде ретінде әр сыныпта жаңа парталар мен шкафтар орналастырылды, асхана және спортзалдың жабдығы жаңартылды. 1 қыркүйекте Арыс қаласында мектеп оқушыларына толық жөнделген 16 мектеп есігін ашты, 12 мың оқушы партаға отырды, соның ішінде 2,5 мың оқушы бірінші сыныпқа барды.  

А. Рысдәулет