Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы "Атамекен" қолдау орталығы" іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы "Атамекен" қолдау орталығы" іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы

Қазақстанда "Атамекен" қолдау орталығы" жұмысын бастады. Аталған жоба "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің бірлесуімен жүзеге асырылуда.

"Атамекен" қолдау орталығы" жобасының басты міндеті – жұмыссыз халықпен байланыс орнату және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

"Атамекен" қолдау орталығы" жобасының ерекшелігі неде? Біріншіден, локация. Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары көпшілік шоғырланған жерде – сауда орталықтары, базар және вокзалдар маңында орналасады.

Эльдар Жұмағазиев

"Осы жобадағы біз үшін маңыздысы – халықпен байланыс орнату. Жұмыспен қамтылу және осы бағытта адамдарға ұсынылған ашық мүмкіндіктер мәселелерінде ақпараттық тапшылық бары анық. Мобильді орталықтардың міндеті – осы олқылықтың орнын толтыру. Біз жұмысқа тұруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар адамға табыс көздерін табуына қажетті қандай құралдар барын түсіндіріп, оның іскерлік әлеуетін анықтау және ашуға атсалыспақпыз", – деп атап өтті "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

"Бұл орталық – Президент және Үкіметтің тапсырмасы бойынша біздің "Атамекен" Кәсіпкерлер паласымен бірлесіп атқарып жатқан кешенді шаралардың басталуы. Мақсат – халыққа жақын болу, қандай қолдау бағдарламалары барын түсіндіру. Бүгінде "Атамекен" ҰКП үлкен жұмыс атқаруда, көптеген бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Бастысы, қолжетімділік, ақпараттылық және жауапкершілікті қамтамасыз ету керек. Бұл орындалуы қажет басымдықтар", – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Жобаның басты ерекшілігі – "Атамекен" қолдау орталығы" командасының жұмыс істейтін форматы болмақ. Қызметті 4 менеджер және 1 жеке қабілетті дамыту кеңесшісі көрсетеді. Осы ретте қызметкерлер проактивті режимде жұмыс істейтін болады, яғни адамдарды орталықта қабылдап қана қоймай, үнемі халық арасына шығу, көпшілік шоғырланған жерлерді аралау, жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау құралдарын ұсыну көзделген.

"Жұмыссыздер бізге келеді. Орталықта бос жұмыс орындарының базасы бар, база жұмыс берушілерге жүргізілген сауалнама негізінде құрылған. Біз адамның бойындағы қабілеті мен біліктілігіне қарай базадан лайықты жұмыс 2 іздеп, оған ұсынатын боламыз", – деді "Атамекен" ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Айдана Тоғызбаева.

Егер базада лайықты жұмыс орны болмаса, жұмыс іздеушіге жаңа кәсіпті игеру жөнінде ұсыныс жасалады. Клиенттер қысқа мерзімді оқу курстарына жазыла алады ("Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде), курстар кәсіпорындар базасында орналасқан. Осындай оқу екі айдан алты айға дейін жалғасады, тыңдаушыларға шәкіртақы және ары қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан бөлек, орталықтың кеңесшілері өтінім берушілерге "Жас кәсіпкер" жобасына қатысуға көмектеседі. 18-29 жас аралығында жұмыссыз және өзін- өзі жұмыспен қамтыған жастар кәсіпкерлік негіздері курсына жазыла алады. Оқу ұзақтығы – 1 ай. Жоба қорытындысы бойынша қатысушыларға бизнес- жоспар құруға көмектеседі, жеңілдікпен несие алуға қолдау көрсетіліп, ары қарай бизнес жүргізуге сүйемелдеу қарастырылған. "Жас кәсіпкер" жобасы шеңберінде 200 мектеп іске қосылды, соның ішінде 60 мектеп Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы және Шымкент қаласында орналасқан.

Сондай-ақ, орталық көмегіне жүгінген адамдар "Бастау" жобасына қатыса алады. Жас ерекшеліктеріне қарамастан өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыздар бір айы ішінде бизнес жүргізудің негізгі дағдыларын үйренеді, кәсіп ашып, немесе қолдағы бизнесті кеңейтуге микронесие алуға мүмкіндік алады.

"Атамекен" қолдау орталығының әрқайсысында жеке қабілетті дамыту кеңесшісі жұмыс істейді, маман анағұрлым лайықты мамандықты анықтау үшін тестілеу өткізеді, өтінім берушіге қандай дағдыларды дамыту қажеттігін айтып, жеке даму картасын әзірлеп береді.

"Әр қалада жұмыспен қамту орталықтары бар. Оларға проактивті форматта жұмыс істейтін осындай мобильді орталықтар жақсы көмектесетін болады", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында үш бірдей жұмыспен қамту мобильді орталық ашылды, елордада барлығы 8 орталық ашылады. Пилоттық режимде "Атамекен" қолдау орталықтары" – Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы және Шымкент қаласында іске қосылады. Ел ауқымында осындай 30 орталық ашылмақ (Алматы қаласында – 12, Шымкент қаласында –10, Нұр-Сұлтан қаласында –8).

Естеріңізге салсақ, жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 300-ден астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмысқа тұру шараларымен қамту; сондай-ақ жұмыспен қамтуға көмектесудің барлық 3 шараларын проактивті режимге өткізу бойынша тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 01 тамыз, 14:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.