Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Мемлекет ұсынған мүмкіндік

Мемлекет ұсынған мүмкіндік

Мемлекет ұсынған мүмкіндік

Еңбегі өнімді, табысы тұрақты кәсіпкер атану үшін тың тәжірибе мен қарқынды қолдаудың қажет екені белгілі. Осы орайда табиғаттың мына заңдылығы еске түседі, пілләдан көбелек жарып шығар кезде, қауашақтың іші 80 градусқа дейін ысып-күйе бастайды. Әлгіндей қызуға шыдағанда ғана қауашақтан әдемі көбелек дүниеге келеді. Жас кәсіпкер де осыған ұқсас, сан түрлі кедергі, қаржылық қиындықтарға төтеп беріп, бизнес бағытына төселу алғашында кімге болсын оңай тимейді. Алайда қазір мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үлкен мүмкіндікке айналуда.

Назым Анарбекқызы – мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін бастаған, «Бизнес-кеңесші» жобасының қатысушысы. 26 жастағы кәсіпкер Қызылорда қаласында төсеніш тастар (брусчатка) мен тротуар плиталарын дайындайтын цех ашу үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 10 миллион теңге алған. Бастапқыда бұл кәсіпті Назымның әкесі қолға алыпты, алайда жарнаманың жеткіліксіздігі мен қаржының аздығы бизнестің құлдырауына себепші болған. Негізгі мамандығы мұғалім екеніне қарамастан Назым әкесінен күрделі кәсіптің техникасын үйреніп, жұмысты жалғастырып әкетеді. Тіпті бірнеше жыл төсеніш тасты қалай дайындау керегін білу үшін қалыпқа өзі құйып көреді.

− Көбіне мұндай кәсіп түрімен ер адамдар айналысады, бірақ мен тәуекел еттім. Мемлекеттен берілген қаржыға тасымалдау көлігін, дірілдеткіш құрал, түрлі қалып, өзге де қажетті дүниелерді сатып алып, бес адамды жұмысқа қабылдадық. Одан бөлек төсеніш тасты құятын арнайы бөлменің (бокс) құрылысын бастадық, оның ішінде жылы еденнің болуын қарастырып жатырмыз. Себебі біз тұрғындардан тек жаз айларында ғана тапсырыс қабылдаймыз, қысқы маусымда қоспа қатып қалатындықтан жұмысты тоқтамыз. Осы жылдан бастап арнайы бөлмеде қыс кезінде де тапсырыс алатын боламыз, – дейді ол.

Назымның айтуынша, күніне төрт-бес қатар, яғни 200-300 төсеніш тас дайын болады. Кәсіпкер цемент, шебін, бояу түрін дұрыс таңдап, қоспа дайындау, оны қалыпқа салып тегістеу әрі кептіру, тұрғындармен байланыс орнатып, жарнама таратудың машақаты көп тірлік екенін жасырмады. Әрі білмеген тұсын өзге қаладағы әріптестерінен үйреніп, тәжірибе алмасатын көрінеді.

Назым Анарбекқызының бұдан өзге «ORKEN’S studio» деп аталатын сұлулық орталығы бар. Онға жуық шеберді жұмыспен қамтыған студия қазір оның қосымша кәсібіне айналған.

− Екі кәсіпті қатар алу жүру кейде ауырлық тудырады. Бірақ қазір бәсекелестердің саны күн сайын артып келеді, сондықтан сапаға жұмыс істеу бәрінен маңызды. «Bryschatka.kzo»-ның жұмысын отбасымызбен бірге жоспарлап отырамыз, яғни өзімнен бөлек ағам да, інім де істің ебін біледі. Ал

«ORKEN’S studio»-да шеберлердің жұмысын өзім жіті қадағалаймын, − дейді ол.

Назым жаңа кәсібін нақты табыс көзіне айналдырып, жүйеге үйренген соң өзі тәрізді жастарға қолдау көрсеткісі келеді.

− Қазір кәсіпкерлерге көрсетілетін мүмкіндік көп, тек ізденіс пен идея керек. Қызылорда облысында 2018-2020 жылдар «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияланды, осы бастама аясында қаншама жас қағазда қалған арманын тірілтті. Бүгінде біз мемлекеттің қолдауын сезініп отырмыз, енді өзім де жастардың бастамасына көмектескім келеді. Бұл мемлекетке айтар алғысым мен тигізер пайдамның бір бөлігі болмақ, − дейді Назым Анарбекқызы.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Қосылған күні: 29 маусым, 09:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.