Қаржылай емес қолдау қалай жүргізіледі?

Қаржылай емес қолдау қалай жүргізіледі?
Фото: vk.com

Кәсіпкерлерді сервистік қолдау – «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін қаржылай емес қолдаудың бір бағыты. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – осы бағдарлама шеңберінде қаржылай емес қолдаудың операторы.

Бұл шара жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіп бастағысы келетін адамдарға беріледі. Қолдау кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру, кәсіпкерлер қызметінің өнімділігін арттыру, сонымен қатар іскерлік байланысты арттыру бағытында жүреді. Қолдаудың бұл түрі кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие.

Кәсіпкерлерді сервистік қолдау негізінен кеңес беру, жеке кәсіпті жүргізу және кәсіпкерлік қызметті тиімді басқару сынды мамандандырылған сегіз қызмет көрсету тетігін қарастырады. Мамандан-дырылған қызмет көрсету тізбесі бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, сонымен қатар кеден қыз-меті бойынша қызметтер, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтініштерін қараудан тұрады. Сондай-ақ заңгерлік қызмет көрсету, маркетинг мәселелері бойынша сұрақтарға жауап алып, ақпараттық технологиялық қызмет көрсету бойынша да кеңес алуға болады. Бұған қоса, мемлекеттік сатып алуға қатысты қызметтер, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттік сатып алу қызметі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында кеңес беру қарастырылған.

Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен Үкімет отырысында «Жол картасы – 2020» бағдарламасының және Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша қолға алынған «Әлеуметтік көмек» бағдарламаларының жұмыс барысы кеңінен талқыланған еді.

«Атамекен» ҰКП 2015 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша операторлық етуде. Осы Үкімет отырысында сөз алған «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов атқарылып жатқан істерге тоқтала отырып:

«Біз кәсіпкерлерге қаржылай емес көмек көрсету тұрғысында өз қызметімізді бағытқа бөлдік. Олар: Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету; моноқалаларда, аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер; «Бизнес-Мектеп» жобасы; «Іскерлік байланыстар» жобасы; «Аға сеньорлар» жобасы; «Бизнес-На-сихат». Қазіргі таңда өңірлік деңгейде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының саны – 20, аудандық деңгейде 191 қолдау көрсету орталығы сервистік қолдау қызметтерін көрсетуде. Біз бұны-мен ғана шектелмей, 2019 жылдан бастап ірі сауда орталықтарында да қосымша кеңес беру орталықтарын аштық» деген еді.

Расында, көрсетілетін қызмет ауқымы айтарлықтай үлкен. Мәселен, кәсіпті енді бастаған кәсіп-керлердің басым бөлігіне күнделікті орын алатын мәселелер тән. Қаржылық қызмет, бухгалтерлік есептілік, менеджмент, дұрыс емес маркетингтік саясат, келешекті жоспарлаудың болмауы жиі кез-десетін мәселелер. Осылардың барлығы енді ашылған кәсіпорындар үшін кедергі келтіріп, бизнесті бірінші жылы-ақ жабуға тура келіп жатады. Осындай мәселелерді алдын алуды қолға алған жобаның халық игілігі үшін пайдасы орасан зор. Мәселен, кішігірім фирманың барлығы бірдей заңгер ұстай алмауы мүмкін. Кәсібін енді ғана бастаған кәсіпкер үшін заңгер мен бухгалтердің көмегі аса қажет. Егер олай жұмыс істемесе кәсіпкер салық салу және кедендік процедуралар бойынша қиындықтарға тап болады. Осындай кезде салықтық, бухгалтерлік есеп жүргізу, статис-тикалық есеп, кедендік процедуралар жасау, заңгерлік мәселелер, маркетинг, сервистік қолдау, ақ-параттық технологиялар саласында қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу мәселелері, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында қызмет көрсетуді қамтитын сервистік қолдау таптырмас көмек.

«Атамекеннің» ақысыз қызметін 2018 жылы 138 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланған. «Бизнес-Мектеп» пен «Іскерлік байланыс» бойынша 20 914 кәсіпкер оқудан өткен. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерге кеңес беру мақсатында 828 кеңесші қызмет көрсетуде. 42 кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өткен.

А. Оралқызы