"Атамекен" ҰКП: "Жас кәсіпкер" жобасына бизнес-тренерлерді қабылдау басталды

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Бастау Бизнес" жобасы аналогиясы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың "Жас кәсіпкер" жобасына бизнес-тренерлерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Жобаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін азайту үшін жастардың бойында жеке бизнесті ашуға қажет машықтарды қалыптастыру арқылы олардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту.

Нысаналы аудитория – NEET категориясындағы жастар, 18-29 жас аралығындағы жас отбасылардың мүшелері, аз қамтылған көп балалары отбасылардың мүшелері, аз қамтылған еңбекқор мүгедектер.

Оқудың басталуы – 2019 жылдың  ІІІ тоқсаны. Жоба қалалар, аудан орталықтары, моноқалалар және республикалық нысандағы қалаларда жүзеге асады.

Бизнес-тренерге қойылатын міндеттер:

 "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты "Бастау Бизнес" жобасы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

• Бағдарлама шарттары бойынша қаржыландыруды алуға көмектесу;

 Қаржыландыру алған соң жүзеге асқан бизнес-жобаларды сүйемелдеу;

 Аудан/қалаға маркетингтік зерттеуді жүргізу – жоба қатысушылары және басқа да кәсіпкерлік субъектілері арасында экономикалық байланыстарды ары қарай орнықтыру мақсатында бастапқы ақпаратты жинақтау (өткізу тізбегін қалыптастыру).

Кәсіби білік:

 экономика/ педагогика саласында жоғары білімнің болуы (міндетті), басқа мамандықтар – құпталады;

 байланысты салаларда жұмыс өтілінің болуы міндетті. Кәсіпкер, коуч/ментор ретінде тәжірибе және талдау жасай білу құпталады;

 қаржылық сауат/бизнес-жоспарларды құру және түсіндіре білу;

 нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздерін білу;

 салықтық заңнаманы білу;

 маркетинг және маркетингтік зерттеуді білу;

 дербес компьютермен жұмыс істей білу (Excel, Word-пен жұмыс істеу).

Soft skills:

 Мемлекеттк тіл және ресми тілді білу;

 Жоғары коммуникативтік машықтар және келіссөздерді жүргізудегі тәжірибе;

 Әлеуметтік желілердегі іскерлік позиция;

 Командада жұмыс істей алу.

Шарттар:

 3-6 ай бойы толық жұмыспен қамтылу.

 3-6 ай бойы ауыл, аудандарға барумен қоса толық жұмыспен қамтылу;

 Баспана бөлек берілмейді, іссапар шығандары өтеледі.

 KPI көрсеткіштері орындалғаны бойынша бонус төленеді.

Жобаға қызығушылық танытсаңыз түйіндемеңізді мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: cvbastau@gmail.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін