Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Алматыда эко қаланың макеті жасалды

Алматыда эко қаланың макеті жасалды

Алматыда эко қаланың макеті жасалды

Урбанистер қалаларды қалай тұрғызады, қала құрылысы саласындағы жаңа тенденциялар және экологиялық ғимараттардың болашағы қандай осы тақырыптар туралы №1 Алматы балалар үйінің тәрбиленушілеріне алматылық сәулетші Эльдар Хасанов танымды ақпарат берді.

Балалар ғимараттардың түрлі пішінде салынып, тіпті құрылыс ауада немесе суда орналасып, кеңістікте қозғала алатыны туралы білді. Ең бастысы, заманауи сәулеттің экологияны сақтауға бағытталатыны жайында кең мағлұмат алды.

Қазіргі үйлерге күн, су, жел энергиясы есебінен жылу мен жарық берілуімен қатар, үйдің дизайнында жасыл көшеттерді өсіруге арналған кеңістікті де қамтылуы мүмкін.

«Мен балаларға экоқалаларды тұрғызу үшін қажетті жаңа мамандықтар туралы жайлы әңгімеледім. Қалаларымыз көгалдандыруды қажет етеді. Қазақстанда тапсырыс берушілерге экоүйлерді ұсынатын мамандар бар. Алайда, бастапқы құны бойынша экоқұрылыстар қымбаттырақ, сондықтан адамдар мұндай ұсыныстан бас тартады. Алайда қоршаған ортаға экологиялық зиян келтірмеу шығындары жылдам өтеледі. Бүгінгі тыңдаушылардың арасында болашақ экоурбанист бар болуы мүмкін.

Балалар сәулет және дизайнға қатысты дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдады», – деп бөлісті Эльдар Хасанов. Балалар үйіне білікті тренер,сәулетшіні Henkel компаниясы шақырды. Бұл компания «Қазақстанды Көгалдандыруға Қатыс» акциясы шеңберінде Қазақстанда ағаш отырғызу науқанын бесінші жыл қатарынан жүргізіп келеді. Науқан кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларында шамамен екі мың ағаш отырғызылды. Биылғы жылы тағы 185 көшет отырғызылады.

«Жыл сайын біз ағаш отырғызып қана қоймай, балаларға арналған білім беру бағдарламаларын өткіземіз. Бұл жолы біз балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін эко-квест ұйымдастырдық. Сәулетшінің әңгімесімен шабыттанған балалар қағаздан, пластилиннен және қолда бар басқа заттардан жасалған экоүйлер мен экокөліктің өз нұсқаларын ұсынды. Шараның соңында біз балалармен бірлесіп 35 көшет отырғыздық», – деді «Henkel» компаниясының сатылымдар бөлімінің жетекшісі Глеб Абдуллин.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Алина Гудзеева әнші болуды армандайды. Ол арманы орындалса, экологиялық науқандарды өзі өткізе алатынына сенімді.

«Маған келешектің үйлері өте ұнады. Олар әдеткі үйлерге ұқсамайды және экологияға мүлдем зиян келтірмейді. Егер танымал әнші болсам, экологияны қолдауға бағытталған шараларға қатысуға тырысатын боламын», – дейді Алина Гудзеева.

Николай Харлов 15 жаста. Ол есейгенде де өзі отырғызған ағаштың өсуін көру үшін балалар үйіне келіп тұратынына сенімді.

«Мен осында тұрғанымша ағашқа күтім жасайтын боламын. Осы жерден көшкенде де келіп, менің ағашым деп айтамын. Оны мен отырғыздым. Ағаш отырғызу маған ұнады және болашақта әлі де көп жасыл көшеттер отырғызамын деп үміттенемін», – дейді Николай Харлов.

Бүгін №1 облыстық балалар үйінде жиырма үш үйірме бар, олардың он сегізін еріктілер жүргізеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 17 мамыр, 17:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.