Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Астана мен Алматыда «Бизнесті құтқару қызметі» іске қосылды

Астана мен Алматыда «Бизнесті құтқару қызметі» іске қосылды

Астана мен Алматыда «Бизнесті құтқару қызметі» іске қосылды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы пилоттық режимде «Бизнесті құтқару қызметі» жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Жоба бастапқыда Астана қаласында іске қосылды. Екі аптадан соң жедел қызмет Алматы қаласында өз жұмысын бастады.

Яғни, бизнеске қатысты даулар немесе мемлекеттік органдар тарапынан жоспардан тыс тексерулер, бизнесті жүргізуге кедергі келтірген басқа да факторлар орын  алса, «Бизнесті құтқару қызметі» көмек беруге дайын. 1432 нөміріне қоңырау соғып, кәсіпкерлер жедел кеңес алу ғана емес, мәселені реттеу үшін белгіленген нысанға мобильді топты шақыра алады. 

Бизнеске арналған жаңа қызмет көмегіне алғаш жүгінген кәсіпкерлер бар. 8 қазан күні кешкі уақытта сауда нысанына жедел көмек қызметі аттанды, кәсіпкер полицейлердің іс-әрекетіне шағымданды. «Атамекен» ҰКП «Бизнесті құтқару қызметі» пилоттық жобасы аясында 1432 нөмірі бойынша байланыс орталығына «Добрый путь» ЖШС директоры Меруерт Қабылбаева қоңырау соғып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданды. Оқиға орнына келген кезде учаскелік полиция қызметкері заңсыз сауда жасау фактісін анықтап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған екен.  Заң бұзушылық фактісі ретінде кәсіпкердің шығарылатын шатыр орнатып, павильоннан тыс, іргелес аумақта сауда жасағаны тіркелген.

«Бұл құқық қорғау органдарының төртінші рет келуі. Бүгін айыппұл салынды, себебі көшеде заңсыз сауда жасап жатырмыз. Бірақ біз осы қадамға баруға мәжбүрміз. Бізге «Astana ӘКК» ҰК АҚ берген орын тар, тек 9 шаршы метр, барлық өнімді осы жерге орналастыра алмаймыз, себебі сақтау және сату және шығындарды өтеу қажет. Мұнда үшінші ай жұмыс істейміз. Осы уақыт ішінде бізді әртүрлі сипаттағы проблемалармен бетпе-бет келдік. Бір ай бұрын дүңгіршегімізді тонап, 35 мың теңгенің тауары қолды болды, 15 мың теңге ақшам жоғалды. Бірақ қылмыс әлі күнге дейін ашылған жоқ! Алайда айыппұл салу керек болса полицейлер елден бұрын келеді. Сондықтан да «Бизнесті құтқару қызметіне» қоңырау соғуға мәжбүр болдым», – дейді «Добрый путь» ЖШС директоры Меруерт Қабылбаева.

Алматы ауданы ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, майор Жандос Тәжиев хабарлағандай, сауда нысанының сатушысына бұрын жазбаша ескерту жасалған. Бірақ бір айдан кейін заң бұзушылық қайталанып, осыған байланысты әкімшілік хаттама толтырылған.

«Біз кәсіпкерге қазір заң бойынша айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі бар екенін түсіндірдік. Сондай-ақ, кәсіпкерге қолданыстағы шарт аясында, яғни сауда үшін белгіленген алаңда жұмыс істеу қажеттігін түсіндірдік. Алайда, «Көшедегі 1000 сауда орны» бағдарламасы аясында ұсынылатын сауда павильондарының шағындығы сияқты проблемамен алғаш рет кездесіп отырған жоқпыз. Бұл мәселені «Astana» ӘКК» ҰК АҚ-пен бірлесіп шешеміз», – деді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Молдағалиева.

Ал Алматы қаласындағы жедел топтың бірінші шақыртуы 25 қазан күні болды. Ойыншықтар дүкенінің иесі Азамат Абдрахманов («Kinderstore Almaty» ЖШС) Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы қызметкерлері жоспардан тыс тексерумен келгеніне шағымданды. Кәсіпкердің айтуынша, Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің өкілімін деп таныстырған ер адам одан құқық белгілеуші құжаттарды талап еткен. Осы ретте тексеруші өзін өкілетті тұлға екенін растайтын құжаттарды (қызмет куәлігі немесе тексеру тағайындалғаны туралы акт) көрсетпеген. Кәсіпкерден қажетті жауапты алмаған мемлекеттік орган қызметкері тексерумен тағы келетінін ескертті.  

Кәсіпкерлердің  құқықтары бұзылғаны туралы фактіні растау және орын алған жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізу, психологиялық және заңгерлік көмек беру, бизнеске қатысты заңсыз санкцияларды тоқтату  мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының жедел тобы сауда нүктесіне жылдам жетті. «Kinderstore» дүкені қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізіліп, «Qamqor» мобильді қосымша туралы ақпараттық материал берілді.

Мобильдік топтың құрамында – «Атамекен» ҚР ҰКП, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар, ІІД және Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бар. «Бизнесті құтқару қызметі» күн сайын 9-дан 22-ге дейін қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (шаштараз, дәріханалар, турагенттіктер, киім тігу және жөндеу), жеткізу (тамақ жеткізу, сауда) саласындағы кәсіпкерлер, сондай-ақ жөндеу және монтаждау жұмыстарының кез келген түрлерін жүзеге асыратын, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: atameken.kz
Қосылған күні: 31 қазан 2018, 17:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.