Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Алматыда ерекше балаларға арналған велосипедтер жасалады

Алматыда ерекше балаларға арналған велосипедтер жасалады

Алматыда ерекше балаларға арналған велосипедтер жасалады

«KazVelo» ЖШС директоры Жанна Джаринбетова велотренажерлер мен қимыл-тірек аппаратында ақауы, сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіні аурулары бар балаларға арналған велосипеттерді шығару өндірісін жолға қойды. Қазақстан нарығында осындай өнім шығаратын отандық компаниялар жоқ, бизнес ханым шетелдік қымбат өніммен бәсекелесіп отыр. Бірақ, осы баламасы жоқ, сұранысқа ие, бірегей тауар болуына қарамастан, өндірушіден тұтынушыға дейін жол соқпаққа толы. Жанна Джаринбетова 100 соммен ғана қалай бизнес табуға болатынын, қайдан қосымша қаражат табу, Қазақстанда әлеуемттік жобалар неге қолдау таппайды, 1000 баланың 12,8-і мүгедек мемлекетте арнайы велосипедттер қандай ғажап нәтижеге жеткізетіні жайында айтты.

– Жанна, сізге қарап, қаладағы сұлулық салондарының, дүкендер немесе басқа да әйелдер бизнесінің иесі ма дерсің. Ал сіз велотренажерлар мен велосипедтерді жасайды екенсіз... Осындай бизнес түрін қалай таңдадыңыз?

– Мен – ерекше баланың анасымын. Оның дерті – церебральді сал ауруы. Ерекше балалар басқа да балалар сияқты ойнағысы, дамығысы келеді, сонымен қатар велосипед тепкісі келеді. Өкінішке қарай, олар кәдімгі екі дөңгелекті, тіпті үш дөңгелекті велосипедті тебе алмайды. Өйткені қол, аяқ, арқа, денені ұстап тұратын арнайы бекіткіштер, нығайтқыштар жоқ, бұған қоса нарықта  төрт жастан жоғары балаларға арналған үш дөңгелекті велосипедтерді шығармайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын біз басқа елге оңалтуға барғанбыз, сонда арнайы велосипедті көрдік те, ойланбастан сатып алдық. Баламның қуанышында шек болған жоқ. Бұл жайт маған үлкен демеу болды – бала жыламай, жаттығуларды қуана орындайтын болды. Айтпақшы, велосипедті тебу жаттығулардың бір бөлігін құрайды, атап айтқанда, механика-терапия еңбек-терапия, сонымен қатар велосипед – қатарлас достарды табудың, қоғаммен араласудың тамаша мүмкіндігі.

Осындай бизнестің идеясын төрт жыл бойы жоспарладым. Кәсіпті заңды тіркемес бұрын, біз әзірлемелерді ойластырдық, сынақ жүргіздік. Алғашқы велосипедті ұлымызға жасап көрдік, баламыз сынақтарымыздың нысанына айналды. Өнімді тестілеуден өткіздік, кемшіліктерін ескеріп, жетілдірдік те шикізат – металл, құрауыш бөлшектер, жабдық пен шығын материалдарды іздеуді бастадық.  Сол уақытта бізде «қолымыздан келеді, біз істеуіміз керек» деген мықты азаматтық ұстаным болды. Осылайша моральды әрі материалдық тұрғыда дайын болғанда «KazVelo» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеп, өндірісті өз қаражатымызға бастап кеттік.

–  Бизнесті жеке қаражатқа ғана бастадыңыздар ма? Ешқандай несие, бизнес-періште, инвесторсыз? 

– «100 сомың болғанша 100 досың болсын» деген тәмсіл есіңізде ме? Міне, біздің жағдайымызда 100 сом да, достарымыз да көмектесті. Олар өндірісті қайда орналастыру керектігін айтты, кеңсе тауып берді, барынша қолдау көрсетті. Кейін «Атамекен» жайында естіп, тегін оқу курсынан өттім. Небәрі екі күн ішінде «Атамекен» арқылы мемлекеттік қолдау туралы, «Аға сеньор» бағдарламасы, Германияда оқуға болатын мүмкіндік жайында білдім. Осының бәрін бізге егжей-тегжейлі түсіндірген «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Бекжан Есенов болды.

Сұрауымыз бойынша ұйым ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне біздің өнімімізді еліміздегі оңалту орталықтарына церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған мамандандырылған оқу орындарына орналастыру мүмкіндігін қарастыру туралы өтінім жасады. Біз «Атамекенге» алғыс білдіреміз. Өйткені, көптеген өңірлік өкілдіктер бізге қолдап көрсетіп келеді. Қала әкімдігіне бөлек алғыс. Жобамыз арқылы қоғам мен мемлекетіміздің басқа қырларын таныдық, мемлекеттік қолдаудың барын, әрі сүбелі екенін білдік. «Атамекен» қыруар жұмыс атқарып, бастауыш кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетеді. Қоғамға келетін болсақ, адамдар бізді өздері тауып, ерекше балаларға қуаныш сыйлағысы келіп, еш мақтау мен атақты керек етпей, демеушілік көрсетіп кетеді. Еліміз жақсы, мейрімді адмдарға толы. Осы жылдың мамыр айында біз мемлекеттік грант алу мақсатында құжаттарды тапсырдық, жобамыз жеңіске жетті, қазір келісім әзірлену үстінде.

– Құтты болсын! Мұндай бизнесті елімізде бастау оңай емес. Бұл әлеуметтік жоба ғой, қайтарымсыз қаражат алуыңыз өте орынды!

– Рахмет. Біз кәсіпкерміз ғой, бірінші кезекте табысты ойлауымыз керек, бірақ біз компаниямыздың миссиясын өзгеше деп санаймыз, өйткені біз ерекше баланың ата-анасымыз. Мақсатымыз Қазақстанда арнайы велосипедтер ерекше балаларға бағасы бойынша, қашықтық бойынша да қолжетімді болуы керек. Өйткені тауарды шетелден алдырту қиын. Қазіргі таңда қазақстандық нарықта осындай велосипедтер жоқ, оларды ТМД мен Еуропа елдерінен алдырту керек, шетелдік тауар өте қымбат. Басқа өндірушілердің велосипедтері 150 000 теңгеден басталады, одан бөлек жеткізу үшін ақша төлеу керек. Біздің велосипедтер диагноздың ауыртпалығына қарай 70-100 мың теңге аралығында тұрады. Шетелдік өнім үшін сынып қалған жағдайда көбіне-көп кепілдік берілмейді, арнайы сервис орталықтары жоқ. Біздің өнім барлық зертханалық тестілеуден өткен, сәйкестік сертификаты бар, 1 жылға кепілдік береміз. Велосипедтерімізді велотренажер ретінде пайдалануға болады, демек бала жыл бойына арнайы жаттығуларын үй ішінде де, далада да жасап отырады.

–  Тауарларыңыз шектеулі адам қатарына арнап жасалған, бизнесменнің қандай тәуекелдері бар?

– Көп адам компаниямыз туралы естігенде сонша велосипедтің неге керегі бар, оны кім алады деп таң қалады. Өйткені, мүгедек адамдарды, оның ішінде балаларды қоғам әлі қабылдап үйренген жоқ, мүмкіндігі шектеулі жандар көп уақытын үйде өткізеді.  Сондықтан, мұндай балалар аз деген жалған түсінік пайда болады. Шын мәнінде мүмкіндігі шектеулі балапандар көп, сондықтан арнайы велосипедтерге сұраныс үлкен. Сандарды сөйлетсек, 2017 жылы Қазақстанда мүгедек балалардың жалпы саны 83,5 адамды құрады, бұл елдегі барлық мүгедектердің жалпы санының 12,6%-ы. Мүгедек балалар саны қарқынды өсіп келеді, соңғы бес жыл ішінде 3,5 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар бала тіркелген. Демек, Қазақстанда 1000 баланың 12,8 пайызы мүгедектігі бар балалар. Статистика бойынша елімізде соңғы 10 жыл ішінде церебральді сал аруы 1,6 есеге өсіп, 100 мың тұрғынға шаққанда 2006 жылы 44,6-дан, 2017 жылы 73,6-ға дейін артты. Сондықтан мұндай балапандар қолдауға зәру.

– Ерекше балалары бар ата-аналар көп жағдайда жұмысқа шыға алмайды, жәрдемақы үлкен емес, велосипедтеріңізді алуға қалталары көтере ме?

– Осы мәселе жайында көп ойлаймыз, оны қалай да шешуге тырысамыз. Арнайы шикізаттың болмауы, ассортименттің тапшылығы, қымбатшылық салдарынан велосипед бағасын арзандату мүмкін емес. Біз осы мүмкіндікті мүмкін еткіміз келеді. Минустарды плюске айналдырудамыз. Шикізаттың болмауы жаңа асуларға жетеледі, басқа жолдарды қарастырып жатырмыз. Тұтынушыларға банк арқылы бөліп төлеуді жасағымыз келді. Өкінішке қарай Kaspi bank өтінімді қабылдамады. Қазір әлеуметтік жобамызды қолдайтын екінші деңгейлі банкті іздеп жатырмыз.

–  Қазір велосипедтердің қандай түрлерін дайындайсыздар?

– «KazVelo» ЖШС 16-мөлшерде үш дөңкелекті велосипедтерді 4-9 жастағы балаларға, және 20-мөлшерде 10-15 жастағы балаларға әзірлейді. Аталған жас ерекшеліктер өзекті, әрі бала әр түрлі дамиды. Жуырда ересек адамдарға арнап, үш дөңгелекті велосипедтің 24-мөлшерін шығардық. Атап айтқанда инсульт алған, артық салмағы бар, егде тартқан адамдарға арнап шығардық. Өйткені мұндай велосипедтер төзімді. Алғашқы сатып алушыларымыз да бар.

– Әңгімеңізге рахмет!

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: Вечерний Алматы
Қосылған күні: 03 қазан 2018, 18:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.