Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Медиа және бизнес

Медиа және бизнес

Медиа және бизнес

Кез келген бизнес бастамада өнімділік басты назарға алынады. Кәсіп өнімді болса – табысты,  табысты болса – пайдалы. Ендеше өнімді шағыратын өндірістің маңызы зор.

Ағылшың тілінде өндіріс сөзі – production (продакш) сөзін білдіреді. Бұл ұғымның қоғамымызда пайда болғанына көп уақыт болған жоқ, алайда жиі қолданылады. Бір қызығы бұл ұғым бүтін өндіріске емес, медиа саласы мен кино индустриясында ғана қолданады. Ойлап қараңызшы, егер сіз шұлық өндірсеңіз де кәсібіңіз продакшн болуы керек емес пе?

Медиа саласында бизнес процестер жайында білікті продюсер, бірнеше телеарналарға бағдарламаларды дайындаған, сәтті медиа жобалардың авторы, журналист Маржан Сәдуақасовамен тілдестік.

– Маржан Тұрсынбекқызы, әдеткі медиадан (штатта, еңбекақыға жұмыс істеу) дара медиаға, яғни жеке продакш құрып, жұмыс істеуге не түрткі болды, бұл салаға қашан келдіңіз?

– Мен әл-Фараби атындағы журналистика факультетінің түлегімін, тілшілікті журнал редакцияларынан бастадым. Кейін телеарнада бағдарламаларға редактор болып істедім. Шыны керек, телевизия әлемі өзіне қарай бірден баурап алды. Уақыт өте келе музыкалықарнаға бас редактор болып келдім. Онда жаңа жобаларды жасап эфирге шығарғаннан кейін, дербес жұмыс істеу, жеке продакш ашу, жаңа жұмыс орындарын құрсам деген ой келді. Шығармашылық тұрғыда өссем екен деп мақсат құрдым. Әрине, бірінші кезекті өзімнің қамымды ойладым. Продюсер болып, әрі бір еңбекақыға қарамай материалдық жағдайымды түзегім келді. Жанымда сенімді дос, білікті журналист Зарина Муслим екеуміз тәуекелге барып, жеке продакшынды аштық. Алғашқыда қиындау болды. Сондықтан әріптес, достарымыздан кеңес алдық, тәжірибе жинадық. Кейін жауапкершілігі шектеулі серіктесін ашып «by production» құрдық. Алғашқы жоба – «Астана» телеарнасына дайындалған «Ел аузында»бағдарламасы болды. Бұл бағдарламаның көрермені табылып, аудиториясы кеңейіп, рейтингі өскен соң командамызға басқа да жобаларды сеніммен тапсыра бастады. Алғашқы жүмыстың жемісіне, нәтижесіне қарай басқалар да біздің редакцияға тапсырыс бере бастады.

– Жеке продакш ашуда қандай «талант» қажет, яғни қандай қасиеттер,біліктілік  болғаны шарт?

– Продакшн ашудағы негізгі мақсатым – өз-өзіне жұмыс істеу, тәуелсіз болу, өйткені біреуге «бағынудан» шаршадым. Бастық болған адам жұмыс күні сегіз сағаттан бөлек жеке уақытыңды да билегісі келеді кейде. Мен тәуекелдерге қарамастан, жұмыс орнын тастап, шеңберді бұзып, шығармашылықеркіндікті қаладым. Ал басты талант, қабілет –  еңбек пен табандылық.

– Жеке кәсіпкерлік негізінде жұмыс істеу, телеарналарға тапсырыс орындаудың жауапкершілігі ауыр. Тәуекелдер қандай?

– Жеке кәсіпкер ретінде айтарым, иә, бұл бизнес бірінші кезекте тәуекелден тұрады. Егер сіз тәуекел ете алмасаңыз, жетістікке жете алмайсыз. Сонымен қатар кез келген бизнес бастапқы капиталды талап етеді. Телеарналарға жобаларымызды таныстырарда, олар қағаз жүзіндегі жобаға көңілдері толмайды, себебі, ойластырылған формат, графика басқа да элементтерді  сөзбен түсіндіру мүмкін емес, сондықтан пилоттық бағдарлама дайындалады. Осы жұмыстарға қаржы жұмсаймыз. Осындай жұмысты бастамас бұрын, бұл өнімді қалай өткізем, қалай қорғаймын деген нақты мақсат болу керек.

Егер біліміңіз, кәсібилігіңіз бен біліктілігіңізге сенетін болсаңыз, онда жобаны қорғай аласыз. Продюсерліктің қызметі өндірісті ұйымдастыру, үйлестіру, келіссөздержасау, дайын өнімді қорғаудан тұрады. Медиа саласында кәсіпкер боламын деген адам тез тіл табысқыш болуы керек деп ойлаймын. Әр деңгейде қызметтегі адамдармен, клиенттермен, жалпы мүдделі тараптармен жақсы қарым-қатынас орнатып, әр сұхбаттасушымен оның деңгейінде сөйлесе алатын сүйкімдіде табанды әңгімелесуші болу керек. Мен осыған көп дайындалдым.

– Бәсеке бар ма?

– Бәсеке болуы керек. «Бәсеке бар жерде сапа бар» деген жақсы сөз бар ғой. Бірақ, мен мына адам, мына продакш маған  үнемі бәсекелес деп айта алмаймын, себебі әр өндірістің өз қолтаңбасы, стилі болады, әркімнің өз бағыты мен қабілет-қарымы болады. Нарықта продакшндардың көп болғаны жақсы деп санаймын. Өйткені олар көп болған сайын сапа, деңгей өседі, демек отандық медиа сала көркееді, сыртқы нарыққа шығады. Осы ретте кейбір продакшндарға қарап үлгі аламын, өсемін, өзімді қамшылаймын, енді біразына  қарап, командамыздың оларданжоғары тұрғанын пайымдаймын.

– Медиа қызықты сала, әр дайын бағдарламаның артында үлкен команда, редакторлық, сценариялық, монтаждау бойынша еңбек жатыр. Бұған қоса есептілік те жоқ емес. Жеке практикаңызда салықтық төлемдер, есепте мәселелер туындады ма?

– Медиа расымен қызықты сала. Иа, әрине әр өнімді үлкен команда, ұжым дайындайды. Әркімнің өзінің жеке функционалы бар. Мұнда редакторлар, шеф редакторлар болады, сценаристер болады, режиссер, монтаждаушы, операторларымыз бар. Бәріміз әдемі де үйлесімді музыканы ойнап тұрған үлкен оркестр іспеттіміз. Ал дирижер қызметін ұжымның кез келген мүшесі жүргізе алады. Яғни идея операторда, видеоинженерде, редакторда, тіпті әкімшіде туындауы мүмкін, креативті бәріміз қолдаймыз, ойдан-ой шығады, бір-бірімізді тыңдай аламыз.  Міне осы қағида – продакшынымздың басты артықшылығы деп білемін.

Кәсіпкерлікті қолға алғандықтан, заңды әрекет ету керек. Заң – баршамызға ортақ. Жауапркешілігі шектеулі серіктестік болғандықтан біз қосылған құн салығымен жұмыс істейміз. Осы орайда 12 пайызбен төленетін салығымыз бар, содан кейін әр қызметкердің зейнатақылық төлемі, табыс салығы деген міндетті төлемдер бар. Шығармашылық команда болған соң бізде гонорар жүйесі жүреді, оның да жеке салығы болады.

Әр кәсіпте есептілікке дұрыс мән берілуі керек. Бастапқыда есептерді жүргізу қиын болды, кәсіпкерліктің, бухалтерлік есептеулерді тиімді жүргізудеАдматыдағы кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес берді. Қазір есептерді бухгалтер жүргізеді. Заң күнде өзгеріп жатыр, сол себепті бәрін уақытында біліп, заңды әрекет істеу жөн. Мемлекет жеке кәсіппен айналысуға зор мүмкіндік беріп отырғандықтан, біз де өз салықтық міндеттерімізді уақытында орындауымыз керек.

– Медиа саласын бизнес деп атауға бола ма? Жалпы сіз үшін бұл сала пайда табудың көзі жоқ әлде жан қалауы ма?

– Продакш – ол таза бизнес, тіпті белгілі бір дәрежеде, өзінің заңдылығы бар тендер деп атауға болады. Кәдімгі тендерлерде кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуларға, байқауға қатысып жатады. Ал бізде, мәселен бір идея бірнеше продакшнда болуы мүмкін. Осы идеяны синопсисын жақсылап жазып, пилоттық жобасын басшылық алдында сәтті қорғасаңыз, басшылық үздікті өзі таңдайды. Табыс тауып жатырмыз, жұмыс орындары құрылуда, демек, бұл нағыз бизнес. Менің жағдайымда бұл жан қалауымның кәсіпке айналып, табыс әкелуі. Демек сүйікті ісім маған табыс әкеліп жатыр.

–  Өмірлік ұстанымыңыз қандай? Іскерлігіңіздің сыры неде?

–  Өмірлік ұстанымым – бастаған істі соңына дейін жеткізу. Адам болып өмірге келген соң адам болып өмір сүру, адал жұмыс істеу. Әрі адам өз кәсібін жақсы көрсе, талмай еңбектенсе сол іскерлігің көрсеткіші болады. Алдына мақсат қойған адам, соған міндетті түрде жетеді. Мақсат дұрыс қойылса, ешқандай тосқауыл, мәселе кедергі бола алмайды. Іскерлікте өзімінің өсуімді қалаймын әрі біреудің өскеніне себепші болғым келеді.

– Күнделікті бизнес-процестерді немесе планнингті құрасыз ба?

– Үнемі жоспармен жүретін адаммын. «1 аптаға жасалған жоспарды алғашқы үші күнде орындап тастап, қалған 4 күнде демалу керек» деген қағиданы бір жерден оқығаным бар. Осы қағидағамен жүруге тырысамын, бірақ ойлағандай бәрі бола бермейді. Сондықтан жұмыс істей отыра демалғанды жақсы көрем. Тапсырмаларды телефонға белгілеп алып, ретімен орындауға тырысамын. Жоспар белгілеуде тіпті қаладағы кептеліс те ескеріледі (күледі). Ал өмірде жоспарсыз нәрселер болып жатады, оларға дайын болуға тырысамын.

– 10 жылдан соң медиа, журналистика саласын қалай елестетесіз? Шет мемлекеттерден қалыс қалып жатқан жоқпыз ба?

– Отандық медиа қалыс қалмай ағынмен келе жатыр. 10 жылдан кейін де өз дәрежесінде, деңгейінде дамитынын білемін. Оның сұлбасы, форматы, өзгеруі мүмкін, ал принциптері солай қала бермек.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Әлия Кемелбекова 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2018, 17:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.