Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Еркін Нарбаев. Сыртқы жарнамада қазақша сауатты жазылғанын қадағалаймын

Еркін Нарбаев. Сыртқы жарнамада қазақша сауатты жазылғанын қадағалаймын

Еркін Нарбаев. Сыртқы жарнамада қазақша сауатты жазылғанын қадағалаймын

Алматы қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Еркін Нарбаев 17 жыл қатарынан сыртқы жарнамамен айналысып келеді. Өзінің кішігірім шеберханасы бар. Қазіргі таңда жарнамалық баннерлерден бастап қолөнер мен математикалық есептеулерді талап ететін күрделі сыртқы жазулар, студияларды декаративті әрлеу, тіпті жиһаздардың кез-келген түрін жасау жұмыстарын қолға алған. Ою-өрнегі жарасқан афишалар мен дүкендер, кафе, мейрамханалар атаулары тапсырыс берушінің талғамы мен қаражатына қарай орындалады. Дизайнерлік қабілетті талап ететін осы кәсіп жайында Еркін Нарбаевтың өзі әңгімелеп береді.

– Алматы – мегополис, оның сыртқы келбеті, бірінен бірі асқан жарнамалық жазулары көздің жауын алады. Кәсіптің бұл түріне қалай келдіңіз, жалпы негізгі мамандығыңыз қандай?

–Негізгі мамандығым –  архитектор-дизайнер. Оқуды Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясынан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы оқу орнында тәмамдадым. Бұлай ауысып жүруімнің себебі, алғашқы студенттік жылдары қаражаттан қысылған сәттерде мамандығыма сай, құрылыс жұмыстарын істеп азын-аулақ ақша табатынмын. Келе-келе жұмыстың қызығына түсіп кеттім де, жылда оқудан бір жылдық демалыс алып, оқу артқа шегеріле берді. Жұмысбасты болып шыға келдім. Арада біраз жыл өткен соң оқуымды Шымкент қаласына ауыстырып, сол жақта оқып аяқтап қолыма дипломымды алдым. Ал, сыртқы жарнама, сыртқы безендіру кәсібіне студент кезде ара-тұра араласып жүрдім. Бұл кәсіптің де өз қызықшылықтары бар. Оның үстіне менің мамандығымнан сонша алшақ емес. Күн өткен сайын барлық жаңашылдықты игеріп, бүгінде кәсіптің осы түрімен нәпақамызды айырып отырмыз.

Ал, енді тапсырысқа келер болсам, тапсырыс берушінің қалауын 100 пайыз орындауға тырысамыз. Келіспей тұрған жерін тапсырыс берушімен қайта ақылдасып ортақ шешім қабылдап жататын кездер де болады.

– Өндірісте отандық тауар өндірушілердің құрылыс материалдары қолданыла ма? Жалпы ондай заттар бар ма?

– Біз қолданатын заттардың арасынан Теміртауда өндірілетін темірді ғана айта аламын. Қалған заттың бәрі – Қытай өнімдері.

– Нарықтағы бәсекелестік қандай?

– Қазіргі таңда мықты-мықты бәсекелестеріміз бар деп толық айта аламын. Бұдан бірнеше жыл бұрын бұл кәсіппен айналысатын жандар саусақпен санарлықтай еді. Дегенмен бәсекелестердің артқанындай жұмыс та көп, тапсырыс берушілер де көбейген.

– Осындай кәсіп түрінде қандай тәуекелдер бар, тапсырыс беруші тарапынан, салық органдары жағынан айтып кетсеңіз.

– Тәуекелділік жоқ. Тапсырыстарды шамамызға қарай алып, орындап отырмыз. Салықты дер кезінде төлеп отырғандықтан, ол жағынан ешқандай мәселе жоқ. Ештеңені жасырып қалып жатқан жоқпыз, қаншалықты орындаймыз, соншалықты салығын да төлейміз. Ал, тексеріс жағына келер болсақ, біз – жеке кәсіпкерміз, сондықтан ай сайын немесе жыл сайын тексеріп келіп жағадан алып жатқан ешкім жоқ. Оның бір себебі, мемлекет алдындағы өз міндеттерімізді уақытылы орындап отырғандықтан да болар. 

– Қазіргі таңда мемлекет тарапынан шағын бизнеске қолдау көрсетіледі. Тәжірибеңіз бай, бизнесіңізді кеңейту жоспарда бар ма?

– Ондай жоспар бар. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Бастау» бағдарламасы жайында жиі естимін. Бір ай оқып, бизнес-жобаңды қорғап, 18 млн. теңгеге дейін 6%-дық жеңілдетілген несие алуға болады екен. Бұл жобаның Алматы қаласында да өткізілгенін қалар едім. Негізінде жаңа станоктар алу, цехымызды кеңейту ойда бар. Мұндай жағдайда тапсырыс берушілеріміздің саны артып, қызмет көрсетуіміз дәл қазіргіден де жақсара түсер еді деп ойлаймын. Дегенмен, қазір де шүкіршілік, «екі қолға бір күрек табылып тұр». Есесіне несиені ойлап бас қатырып жүрген жоқпыз.

– Кәсіпте, жалпы тапсырыс орындауда принциптеріңіз бар ма? Мысалы «ешқандай ақшаға орындамаймын» деген принцип?

– Әр кәсіптің өз қиыншылығы да, қызығы да бар. Тапсырыс болмай демалып  жататын кездеріміз де болады. Ал, кейде тапсырыс үсті-үстіне түсіп, үлгермей жанталасып кетеміз. Менің тапсырыс қабылдағандағы ең бірінші принципім – тапсырысты өте сапалы, жоғары деңгейде орындау. Тіпті аяқтап қойған тапсырысты көңіліме жақпаса қайта бұза салу мен үшін түк емес. Осы принципімнің кесірінен кейде тапсырысты уақытынан бір-екі күн кешіктіріп беретін кездеріміз болады. Алайда, осы уақытқа дейін кешіктіргенім үшін біреумен ренжісіп, сөз естіген емеспін. Болмай-ақ та қойсын. Керісінше, клиент ризашылығын білдіріп, рақметін айтады. Аллаға шүкір. Ал, сіз айтқандай ешбір төлемсіз, сыйлық ретінде орындап беретін тапсырыстар да болды, болып та тұрар Алла қаласа. Біз – жүрегі кең, жомарт халықтың ұрпағымыз ғой...

Сонымен қатар сыртқы жарнамада қазақ тілінің сауатты жазылғанын қадағалаймын. Бұл мемлекеттік тіл дамуына, оны құрметтеуге деген кішкентай үлесіміз деп білемін. Егер тапсырыс берушінің мәтінінде қате көрсем, бірден айтамын, түзетуіне өтініш білдіремін.

– Тапсырыстарды Алматы қаласы бойынша қабылдайсыздар ма, әлде басқа қалаларға да жібере аласыздар ма?

– Қазір елімізде барлық жағдай қарастырылған ғой. Соған қарай біздің де қолымыз ұзарды. Басқа қалалардан да тапсырыстар қабылдап, ұшақ, пойыз арқылы, жүк көліктерімен жіберіп отырамыз. Кейде осы жақтан жасап, буып-түйіп өзіміз алып барып, құрастырып, орнатып береміз. Тапсырыс берушімен келісіп жатсақ, басқа қалаларға іс-сапармен барып, бірнеше күн жатып жасаймыз.

–  Тапсырыс орындауда болған бір қызықты оқиғаңызбен бөліссеңіз...

–  Біз «Технодом» дүкендер желісінің Қазақстан аумағындағы бірнеше дүкенінің жарнамасын жасаған едік. Соның ішінде Павлодар қаласындағы дүкеннің жарнамасын жасамақ болып, бригадамен жолға шықтық. Барлық керек-жарақ артылған Камаз соңымыздан келу керек болған. Біз ерте барып алдық та, жүк көлігі кешігіп, келмей қойды. Сол арада арамыздағы бір жігіт жүк тасымалдау орталығының басшысына қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алған сияқты. Содан мезі болған әлгі басшы «Камаз қашан жетеді?» деген сұраққа «Сендердің жүктерің артылған Камаз жолда өртеніп кетті» деп жауап беріпті. Бәріміз кәдімгідей уайымдап қалдық. Содан Камаз бізден кейін төрт күннен кейін жетіп, безендіру жұмыстарын кешеуілдетіп бастағанымыз бар.  

–  Алдағы жоспарлар қандай?

–  Алға қойылған жоспар көп. Оның ең алғашқысы – цехымызды кеңейту. Жаңадан түрлі станоктар алу. Мүмкіндіктерімізді арттыру.

–  Әңгімеңізге рахмет!

 Әңгімелескен Әлия Кемелбекова

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 13 маусым, 09:42
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.