Футболдан Қазақстан құрамасы Венгрияны ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Футболдан Қазақстан құрамасы Венгрияны ұтты
Фото ©️ Reuters©

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Венгрия құрамасын ұтты. Будапештте өткен кездесуде Станимир Стойловтың шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Ойындағы есепті 6 минутта "Астана" форварды Роман Мұртазаев ашты, ал 10 минутта ұлттық құраманың дебютанты Бахтиер Зайнутдинов алаң иелері қақпасында екінші голды тулатты.

Алайда 21-ші минутта айып добын жылдам орындағаннан кейін Адам Салаи есеп айырмасын қысқартты. Бірақ 39 минутта Қазақстан құрамасының сапында "Уфа" командасында ойнайтын Еркебұлан Сейдахмет тұңғыш голын соқты. 18 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында алғаш рет ойынға шықты. 

Екінші таймда тағы бір дебютант Юрий Перцух Сейдахметтің орнына шықты. 68 минутта алаң иелері Кристиан Нементтің голының арқасында есепті тағы да қысқартты. 

Айта кетейік, Стойлов Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінде алғашқы ойынын өткізіп отыр. Болгар маманы Қазақстан құрамасын 1 наурыздан бастап басқарады. 

Еске салайық, 26 наурызда Қазақстан құрамасы тағы бір кездесу өткізеді. Венгрдің Фульчуга қаласында Болгария құрамасымен кездесу өтеді.