Геннадий Головкин жаңа жыл мерекесімен 5 тілде құттықтады

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Геннадий Головкин жаңа жыл мерекесімен 5 тілде құттықтады
Фото ©️ informburo.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин жанкүйерлерін жаңа жыл мерекесімен 5 тілде құттықтады. Ол құттықтауын өзінің instagram парақшасына жазды. 

БӨЛІСУ

Отандасымыз орыс, қазақ, ағылшын испан және неміс тілдерінде құттықтап: "С Новым годом! Happy New Year! Жана Жылыңызбен! i Feliz Ano Nuevo! Frohes Neues Jahr!", – деп жазды. 

Головкин биыл мамыр айында мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді. Қос тараптың командасы боксшылардың екінші жекпе-жегін өткізу жайында келісімге келіп, өтетін уақытын мақұлдады

Естеріңізге сала кетейік, қос боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең нәтиже тіркелген еді.