Қазақстандық дзюдошы Универсиаданың қола жүлдегері атанды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық дзюдошы Универсиаданың қола жүлдегері атанды
Фото ©️ YouTube

Тайбейде өтіп жатқан Универсиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Бекәділ Шаймерденов қола жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

70 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Бекәділ қола жүлде үшін өткен белдесуде алжирлік қарсыласын жеңіп шықты.

Айта кетейік, осыған дейін Тайбейде өтіп жатқан Универсиада ойындарында Дмитрий Баландин (100 метрге брасс әдісімен жүзуде) мен ауыр атлет Арли Чонтей қола алса, ауыр атлет Альберт Линдер мен Айдар Қазов жеңімпаз атанған болатын.